Келес ауданының Қошқарата ауылдық округінде биыл 300 орындық білім ошағы пайдалануға беріледі. Бесқұбыр елді мекеніндегі С.Сейфуллин орта мектебіне қосымша салынып жатқан асхана, спорт зал және оқу корпусының құрылысы өткен жылы бастау алған. Құрылыс жұмыстары «Қаратау ЛТД» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Сонымен қатар, Бесқұбыр елді мекеніндегі өзекті мәселелерді шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда Спорт алаңшасының құрылысын кестеге сәйкес аяқтау бойынша келісілген схемалары сызылып, ауданның тиісті бөлімі эскиздерін сызуда. Спорт алаңшасына баратын жолға асфальт салу, маңын абаттандыру бойынша ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс беріліп, жұмыстар жүргізілуде. Бесқұбыр елді мекеніндегі емхана құрылысы бойынша қазіргі таңда 1 Мамыр жалпы орта мектебінің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, емхана қызметкерлері сол ғимаратқа көшірілді. Әкімшілік ғимаратының құрылысының келісілген схемасы сызылып, ауданның тиісті бөліміне ұсыныс берілді. Қазіргі таңда сәулет-жоспарлау әзірлеу мақсатында эскиздері сызылуда. Үлкен стадион құрылысына эскизды жоба жасау бойынша келісілген схемасы сызылып, ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсыныс берілді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуінде мәлімдеді.
— Қошқарата ауылдық округі ауданымыздағы даму перспективасы жақсы қалыптасқан ірі өңірлердің бірі болып табылады. Өткен кездесуде өздеріңіз тараптан көтерілген мәселелер жөнінде іс-шара жоспары бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелерінің орта жөндеу жұмыстары қатаң бақылауға алынып (5,5 км) «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізіліп, ағымдағы жылы іске асырылатын болады. Бәйтерек елді мекеніндегі медициналық пункт құырылысы бойынша жері анықталып, ауыл әкімінің шешімі шығарылды. Газ, жарық, су мекемелерінен техникалық шарт алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жамбыл-2 елді мекенінде медициналық пункт құрылысы бойынша жері анықталып, ауыл әкімінің шешімі шығарылды. Газ, свет, су мекемелерінен техникалық шарт алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәдениет үйінің құрылысын мердігер «Векстрой» ЖШС-і жүргізуде. Ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, ауылдық округінің 9 ауылы биыл толық табиғи газбен қамтылады, - деді аудан әкімі.
Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылым жүйелері, жайылым жер, несиелендіру жөнінде өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды. Жеке мәселелер бойынша келген тұрғындарды қабылдап, олардың түйіткілдерін шешу бағытында тапсырмалар берді, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.