Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 17 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар жеке мәселелері бойынша сондай-ақ, жайылым жер, табиғи газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, тұрғын үйлерді құжаттандыру, ағын су, тұрақты жұмыспен қамту, көшелерді жарықтандыру мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдау барысында тұрғындар көтерген сұрақтарға жіті тоқталып, заң аясында нақты жауап берді. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.