ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ НҰРЖАН ІЗТІЛЕУОВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ТҮЛКІБАС КЕНТІНДЕ ӨТКІЗДІ.

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ НҰРЖАН ІЗТІЛЕУОВ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ТҮЛКІБАС КЕНТІНДЕ ӨТКІЗДІ.

Дәстүрлі жиында кент аумағындағы өзекті мәселелермен қатар, тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді қанағаттандыру мақсатындағы алдағы атқарылатын жұмыстар барысы талқыланды.
Аудан басшысы кент кесіндісінде атқарылатын жұмыстарды қысқаша баяндап, алдағы уақытта Иірсу елді мекенінің шегінен 10 гектар аумаққа инженерлік инфрақұрылым тартылатындығын мәлімдеді. Бұл жерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін 76 жер телімі қарастырылатын болады.
Кездесуде аудан басшысына Өзбеков көшесінің бойындағы екі көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары кәріздік жүйенің істен шығып, әбігерге салып жатқаның айтқан болатын. Аудан басшысы жиыннан соң мәслихат төрағасы мен депутаты және жауапты мамандармен бірге аталған үйге арнайы барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Кезек күттірмейтін мәселені тез арада шешу мақсатында Нұржан Жақсылықұлы кент әкімі мен жауапты бөлім басшысына тиісті жобалық сметалық құжаттарды әзірлеп, қос көпқабатты үйге қосымша кәріз жүйесін жүргізу бойынша тиісті шараларды атқаруды тапсырды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...