САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауында алдын ала жазылған 23 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар тозығы жеткен бағаналарды жаңарту, жарықтандыру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй беру, жолға асфальт төсеу, емхана салу үшін жер учаскесін беру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді елді мекен шегіне енгізу және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан басшысы Арман Абдуллаев әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...