САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН АУЫЗ СУ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН АУЫЗ СУ

Жібек жолы ауылдық округ тұрғындары тарапынан соңғы кезде ауыз судың уақтылы берілмеуі жиі көтерілуде. Аудан әкімі Арман Сәбитов тұрғындармен өткен есептік кездесуінде де осы мәселе маңызды сұрақтардың бірі болған. Сол жиында аудан басшысы аталған мәселені тікелей өзінің бақылауына алатындығын жеткізіп, тиісті жұмыстарды ауыл белсенділерімен бірлесе жүргізуге шақырған еді.
Осы мақсатта А.Сәбитов ауыл белсенділерімен бірлесе су жинақтау орнына (резервуар) барды. Аталған орында екі су жинақтау қорында су толып тұр. Алайда, ауыл тұрғындарына уақтылы су берілмей жатыр. Демек, су жүйесінде қандай да олқылықтар орын алуы мүмкін. Одан бөлек, су реттегіш құралдарының өзгермеуі де маңызды. Қазіргі таңда Жібек жолы ауылында су жүйесін жаңарту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті, ауылдың кейбір көшелеріне ауыз су графикпен берілуде. Одан бөлек, тасымалдау арқылы да су жеткізіліп берілуде. Осы мәселелерді жіті бақылау керектігін айтқан аудан әкімі Арман Сәбитұлы орын алған кемшіліктерді сала қызметкерлері және ауыл тұрғындарымен бірлесе шешуді тапсырды.
Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша Машат өзенінің бойындағы демалыс аймақтары су жинақтау қорындағы ауыз суды заңсыз пайдаланып жатыр деген уәждерін де жеткізді. Бұл бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, тексеру жұмыстары жүргізілетін болады. Сайрам және Түлкібас аудан әкімдігінің жауапты қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл белсенділері тарапынан құрылған жұмысшы топ өз жұмысын бүгіннен бастайды. Заңсыздықтар анықталған жаңдайда заң аясында жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ