САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін кестеге сәйке аудан әкімі Арман Сәбитов кезекті жеке қабылдауын өткізді.
Қабылдауда болған тұрғындардың негізгі өтініштері жайылым жер, ауыз су, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, әлеуметтік көмек пен жеке мәселелері аясында болды.
Манкент ауылының тұрғыны Мухаббат есімді азаматша қиын жағдайда тұрғанын жеткізді. Тұрғынның денсаулығы сыр беріп, жұмыс істеуіне кедергі келтіруде. Арман Сәбитұлы Мухаббат ханымға әкімдік заң аясында көмек көрсететінін жеткізді. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарламалар (собес)бөліміне нақты көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, А.Сабитов маман басшыларына аудандағы шынайы көмекті қажет ететін отбасылардың тізімін жасақтауды бұйырды.
Жалпы жеке қабылдауға 12 тұрғын кіріп, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.
Аудан басшысы әрбір азаматтың көтерген мәселелерін тыңдап, олардың шешу жолдарына тоқталды, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...