САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауында 17 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар қайтарымсыз грант алу, мектеп формасы, көпірді күрделі жөндеуден өткізу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолға асфальт төсеу, жерді құжаттандыру, тұрғын үй кезегі, жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдау барысында тұрғындар көтерген сұрақтарға жіті тоқталып, заң аясында нақты жауап берді. Сондай-ақ, тұрғындардың мәселелерін бақылауда ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ