ШЫМКЕНТ:ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ:ТҰРАН АУДАНЫНДА 13 АУЫЗ СУ БҰРҚАҒЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Биыл Шымкент қаласының Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады. Олар Мәделі қожа - Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелерінде орналасады. Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі.
Әл-Фараби ауданы аумағында мұндай субұрқақтар 9 орында орналасқан:
1. Қонаев-Іляев қиылысы;
2. Арбат демалыс саябағы;
3. Түркістан көшесі №55;
4. Әл-Фараби алаңы;
5. «Моцарелло» мейрамханасының алды;
6. «Чернобыль» гүлзары;
7. «Цум» сауда үйінің алды;
8. №8 мектептің алды;
9. Тыныбаев №49.
Еске салар болсақ, Әл-Фараби ауданында жаңа субұрқақтар «Цум» сауда орталығы алдында, Байтұрсынов көшесіндегі саябақта, №8 мектептің алдында, Әл-Фараби алаңы, Чернобыль саябағында, Тыныбаев және Дулати көшелері қиылысында қойылды. Әл-Фараби ауданы аумағында адам көп шоғырланған жерлерде жалпы саны 11 субұрқақ жұмыс істеуде.
Осы орайда, қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық!
Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын. Орнатылған бұрқақ қала тұрғындары қатарынан жылы қабылданды.
Аптап ыстықта су бұрқақтарынан кез-келгеніміз шөл баса аламыз. Сондықтан да қала тұрғындары мен қонақтарынан ауызсу бұрқақтарын ластамай, тиісті санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз.
Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталатын болады. Сондай-ақ, субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді. Барлық ауыз су бұрқақтары орталықтандырылған су құбырына тікелей қосылады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...