Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында ‘’i-shуmkent” ситуациялық орталығының жұмысын жақсарту тетіктері пысықталды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Орталық ашылғалы орталыққа 530 431 арыз-шағым түскен. Соңғы кездері қоғамдық көліктердің жұмысына, жөндеу жұмыстарына қатысты жарықтың сөнуіне, судың тапшылығына байланысты арыздар жиілеген. Жиында азаматтар тарапынан түскен талап-тілектерді орындауда туындаған өзекті мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды.
«i-Shymkent» ситуациялық орталықтың басшысы Азат Әміртаев сәуір айында тұрғындар тарапынан 109 бірыңғай байланыс нөміріне келіп түскен өтініштер мен ұсыныстардың орындалу барысын баяндаған болатын.
Өткен 2022 жылдың маусым айда барлығы 9967 арыз-шағым келіп түскен. Аталған өтініштердің 9407-і орындалған болса, 500-ден астам сауал қаралуда.
24/7 тәртібінде жұмыс істейтін орталыққа халық бірыңғай 109 нөмірі және арнайы әлеуметтік желілер арқылы хабарласа алады. Бүгінде орталық мамандары біліктілікті арттыру мақсатында арнайы курстардан өтуде.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға әрбір арыз-шағымға толық, сапалы жауап беріп, тиісті шаралардың қолданылуын бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділікті арттырып, халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін ескертті.
Қызмет түрлері:
- Ауланы абаттандыру;
- Ауланы жабдықтандыру;
- Отынмен қамтамасыз ету мәселесі;
- Қаланы сумен жабдықтау;
- Өндірістік жұмыстардан кейінгі қалпына келтіру;
- Газбен жабдықтау;
- Лифт жұмысы;
- Қалалық жол инфрақұрылымдары;
- Денсаулық сақтау;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- Қоғамдық көлік;
- ПИК жұмысы;
- Тұрмыстық қалдықтар;
- Су басу;
- Ашық құдықтар;
- ТШК (су ,жылу, электр-энергия);
- БЖЗҚ бойынша;
- Білім беру мәселелері;
- Заң, тәртіп және тағы басқа мәселелер бойынша.
Мекен жайы: Бәйдібек би даңғылы, 116 "Наурыз парк" ТК.