ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ СУ АРНАЛАРЫНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінде Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты Көксу, Чумчак, Сай ниже водопада су арналары күрделі жөндеуден өтуде. Қала әкімі М.Әйтенов аталған каналдарда болып, құрылыс барысын қадағалады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Жоба бойынша 13, 5 шақырым "Көксу" арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция, 3,3 шақырым Г тәрізді блок, 10 лоток орнатылады. Сондай-ақ, су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған.
Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г- тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған.
Күрделі жөндеуден өтіп жатқан "ЧУМЧАК" су арнасының жалпы ұзындығы 5,3 шықырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған.
Қазіргі уақытта жер қазу, көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы жергілікті тұрғындарға су берілуде.
Аталған су арнасының қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды.
"Сай ниже водопада" су арнасында да күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобада арнаның жалпы ұзындығы 8,2 шақырым, оның ішінде 504 метрлік блок, 10 лотогын ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген.
Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған.
М.Дүйсенбекұлы каналдардың құрылысын сапалы атқарып, жұмыстарды өндірістік кестеге сай жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, айта кететін М.Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес жыл басында қала аумағындағы жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жасалған болатын. Талдау нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 20 магистраль көшеге биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жыл соңына дейін жөндеуден өтетін нысандар:
1. Д.Қонаев даңғылы;
2. Тәуке хан көшесі (Сайрам көшесінен “Корпарация Береке” ЖШС базасы маңындағы айналма жолға дейін);
3. Қазыбек би көшесі;
4. Желтоқсан көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қонаев даңғылына дейін);
5. Назарбеков көшесі;
6. Аймауытов көшесі;
7. Көшеров көшесі;
8. Тыныбаев көшесі;
9. Қабанбай батыр көшесі (Ордабасы алаңынан ТЖ вокзалына дейін);
10. Анаров көшесі (ТЖ вокзалынан Жансүгіров көшесіне дейін);
11. Жансүгіров көшесі;
12. Абай даңғылы;
13. Исмайлов көшесі (Рашидов көшесінен Қорғасын айналмасына дейін);
14. Алпысбаев көшесі;
15. Еділбаев көшесі Ақжайық ш/а;
16. Пазиков көшесі Шапағат ш/а;
17. Измир көшесі;
18. Шанин көшесі;
19. Байтіленов көшесі;
20. Үркімбаев көшесі;
21.Орынбаев көшесі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...