ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

«AMANAT»-тың Шымкент қалалық филиалында партияға жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
Филиал және қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдады. Төраға журналистер қауымына билеттер табыстай отырып, партияның сайлауалды бағдарламасын, стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасап, өңіріміздің дамып, өркендеуіне партия мүшесі ретінде лайықты үлес қосатындарына сенім білдірді.
«AMANAT» әрқашан қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасынан табылып келеді. Жаңа, Әділетті Қазақстан құру жолында азаматтық қоғам мен билік арасындағы дәнекер болу үшін халық өкілдерімен етене жұмыс істеп келеміз. Осы ретте журналистер, сіздердің атқарар рольдеріңіз зор. Партия қатарына өз пікірін, ойын ашық айтып, қаланың, еліміздің дамуына үлес қосамын деген азаматтардың қосылып отырғаны қуантады. Бұл біліміңіз бен тәжірибеңізді Отанымыз бен халқымыздың игілігі жолында жұмсауға жасалған мүмкіндік екеніне сенімдімін. Алдағы уақытта партиялық жобаларды жүзеге асыруға атсалысасыздар деп үміттенемін. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Партия мүшесі атану – үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Біздің мүдде­міз – ортақ, мақсатымыз – бір. Ол – елде­гі тұрақтылықты сақтау, тәуелсіз­дігімізді нығайту, ұлтты біріктіру. Бұл жолда бәріміз бір кісідей жұмылуымыз керек.
Сондай-ақ Бахадыр Мәдәліұлы партияның бел­сенді азаматтық ұстаным­ды қалыптастыруға, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, бар­лық азамат үшін тең мүм­кін­дік жасауға, жасампаз еңбек идея­­сын ілгерілетуге бағытталған және т.б. бірқатар партиялық жоба мен ­бас­тама іске асырылып жатқанын айтты.
«AMANAT» партиясы 24 жылдық тарих пен ресурсқа ие. Партияның филиалдары бүгінге дейін нәтижелі жұмыстарды көрсетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия проблемаларды ашып көрсететін, халық мүддесін қорғайтын қозғаушы күш болу керектігін айтқан болатын.
«Мемлекеттің негізгі байлығы – халық болса, халықтың басты дәулеті – денсаулық. Партияға кірудегі себебіміз – әрбір адамға «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік» деген қағиданы жеткізу, партияға өз үлесімізді қосу», – деген пікірлер айтылды.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Шымкент қалалық партия филиалы бойынша 28 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 38 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...