МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БАСТЫ НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ - БАСТЫ НАЗАРДА

Қала аумағында мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық қолайлы ортаны қалыптастыруды қолға алу жөніндегі қала басшысы тапсырмасына сәйкес аудан аумағында орналасқан әлеуметтік әрі кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізілді.
Кезекті мониторинг барысында ғимараттардағы пандустардың талапқа сәйкес келуі, нысандар аумағындағы автотұрақтардағы мүгедек жандарға арналған белгілердің орнатылуына талдау жасалып, бейімділігі толық тексерілді.
Орын алған кемшіліктер бойынша нысан иелеріне аудан әкімі аппаратының салаға жауапты мамандары тарапынан заң талаптары түсіндірілді.
Алдағы уақытта кемшіліктерді жойып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты атқарылатын болады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.
Бүгінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Қамқорлық” №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болып отыр.
110 орындық мекеме жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген.
Балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балаларға логомассаж тағайындалды. Қызмет алушылармен сондай-ақ аптасына 2 күннен жеке жұмыс жүргізіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту шараларын жүргізеді.
Бүгінгі таңда 18 педагог «АВА – терапевтерді даярлау» курсынан, 36 педагог қызметкер «АВА – терапияға кіріспе» курсынан өтіп, сертификатпен қамтамасыз етілген.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...