ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН САҚТАНУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСТЕРІ

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН САҚТАНУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ӘДІСТЕРІ

Соңғы уақытта өзге адамның әлеуметтік желідегі аккаунтын пайдаланып, қаржылай көмек сұрайтын алаяқтардың әрекеті күшейіп кетті. Мұндай алаяқтықтың құрбандары көбейген. Бұған дейін танымал тұлғалардың, әлеуметтік желі белсенділерінің жалған аккаунттарын жасау арқылы азаматтардан ақша сұрау жиі кездесетін болса, енді алаяқтар қарапайым азаматтарға да көшкен.
Алаяқтық схемасы қарапайым: кез келген адаманың әлеуметтік желідегі жалған аккаунты жасалады. Сол арқылы оның жақын туыстарына, достарына не өзге таныстарына хат жазу арқылы белгілі бір банк картасына ақша аудару сұралады. Мұндай деректер әсіресе Telegram мессенджерін пайдаланушылар арасында жиілеген.
- Ешбір жағдайда банк қызметкерлерінің кредиттерді рәсімдеу, мүлікті сату, ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару немесе қарыз алу сияқты нұсқауларын телефон арқылы орындамаңыз. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ұялы байланыс арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін есте сақтаңыз;
- Ешкімге өзіңіздің жеке деректеріңізді айтпаңыз. Пластикалық карталардағы деректер мен төлем туралы түбіртектерді, құпия сөздер мен пин-кодтарды адамдарға тіпті банк, полиция қызметкерлеріне де бермеңіз;
- Тексерілмеген сайттар мен белгісіз және жеке деректерге сенбеңіз. Онлайн сауда жасау кезінде тауарды алғаннан кейін төлем жасау туралы келісіңіз;
- Күмәнді келісімшарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, қаржылық схемалардан сақ болыңыз;
- Смартфонға қосымшаларды орнату үшін те ресми дереккөздер AP stor, Play Market және т. б. пайдаланыңыз;
- Төлем жасау үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін сілтеме бойынша өтуді ұсынады;
- Банк қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, гаджетіңізге 3D қорғауды және банктер ұсынған басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;
- Ұялы телефон арқылы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыздар.
Шымкент қаласының Полиция департаменті:
Мекенжай: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 13.
Сенім телефоны: 1402, +7 (7252) 21-17-44.
ӨҚБ-ның сенім телефоны: +7 (7252) 21-43-23.
Факс: +7 (7252) 21-20-18.
Хатшылық: +7 (7252) 97-65-97 (кіріс хат-хабарлар тобы).
+7 (7252) 97-66-39 (өтініштер мен азаматтарды қабылдау тобы).
Баспасөз қызметі: +7 (7252) 97-67-62.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ресей, Ленинград облысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды ...

Ресей, Ленинград облысы Мемлекет басшысы Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды ...

Үкіметте ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында жол...

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...