МЕГАПОЛИС КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

МЕГАПОЛИС КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы ПД Жол техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлерімен мегаполистегі автокөлік жолдарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, Т.Рысқұлов, Назарбаев, Байтереков, Казиева, Арғынбеков, Б.Момышұлы, Назарбеков көшелеріне жол таңбалары сызылып, жаңартылды.
Сондай-ақ, қала тұрғындарының өтінішін назарға ала отырып, Төле би көшесіне жаяу жүргіншілер өткелі орнатылды. Бұған қоса, Жібек жолы көшесіндегі жол жүрісін реттейтін құралдар толығымен жуылып тазартылды.
Айта кететін, Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабының даму жоспарына сәйкес Сатқанбаев және Ырсымбетов көшелерінде оршата жөндеу жұмыстары басталды.
Жобаға сәйкес асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 1,4 шақырымды құрайды.
Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып жақсы және қанағаттанарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға іс-шара жоспары бекітілген. Бұл жұмыстар аталған жоспар аясында іске асырылуда.
Аталған аумақтағы 11 көшенің 6-ы асфальттелген болса, 5-не шағал тас төселген. Келесі жылы елдімекендегі Жастар, Бердібай, Өтебаев көшелерін асфальттеу жоспарлануда. Осылайша 2024 жылы тұрғын алаптың жол мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады.
Қауіпсіз жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында көшелерде жол таңбаларын жаңарту, бағдаршам, жол белгілері мен жасанды жол кедергілерін орнату, жаяу жүргіншілер өткелдері мен оң жақ өткелдер салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жыл басынан бері белгіленген аумақтарға 1079 жол белгісі орнатылып, 220-сы жаңаланды, қажеттілігі бар аумақтарға 10 бағдаршам қойылды. Жыл соңына дейін тағы 4 мың дана жол белгісін орнату жоспарлануда.
Қалада бүгінде 350 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылды.
Жол апаты жағдайларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушыларға келеңсіздік тудырмау мақсатында Таскен шағынауданы Бабашұлы көшесіне қиылысатын Орда, Гулдана, Бәйгетөре, Өзекті, Дархан, Бесжалтау көшелеріне ҚР Жол жүрісі қағидаларының 2.1(Басты жол), 2.4 (Жол беріңіз) белгілері орнатылды.
Жоғарыда атқарылған жұмыстардың барлығы, миллионнан астам тұрғыны бар шаһар көшелерінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылуда. Осы орайда, тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушы барша азаматтарға жол жүру қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...