«AMANAT» партиясының қалалық филиалында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев пен партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арай Есенбек тұрғындарының жеке сұрақтары мен арыз-шағымдары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан балалар ойын алаңшасын жаңарту мен орнату, кәсіп ашу, тазалық жұмыстарының уақтылы жүргізілуін қадағалау мен әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер болды.
Қабылдауға оннан астам азамат келіп арыз-шағымын жеткізіп, ой бөлісті.
Алдағы уақытта, айтылған әрбір сын-ескертпелер мен өтініш-тілектер бақылауға алынып, тиісті шаралар жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:«Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Қазақстан Республикасы Президентінің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін»
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, халықтың өтініштері арасында сол жердің әкімдігі ғана шешуге «қауқарсыз», яғни, орталық атқарушы орган, ұлттық компаниялар сияқты тараптардың атсалысуымен ғана шешілетін біраз сұрақ бар. Жоғарыда атап өткеніміздей, былтыр халықтың арызы бойынша осындай алпыс екі проблема анықталған. Әрине, халықтың өтінішіне қандай да бір жауап беру үшін жергілікті бюджет және жергілікті атқарушы органның құзіретіне кірмейтін мәселелер бойынша әкімдер қаражат сұрап Ұлттық экономика министрлігіне келеді. Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігі әрбір мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, қаражат бөлуге бола ма, әлде, бұрын сол мәселені шешуге қаражат бөлінді ме, жоқ па деген мәселені анықтайды.