Әл-фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының №3 өрт сөндіру бөлімі және Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ерікті жастарымен бірлесе шомылу маусымының сақтық шаралары жөнінде үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Қала аумағында орналасқан Қошқар ата және Карасу өзендері бойында қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелері бойынша насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшалары тарқатылды.
Сонымен бірге, шомылуға тыйым салынған 13 су айдындары ресми түрде айқындалған. Олар «Текесу», «Ақжар» су қоймалары; «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» каналдары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) барлық арнасы.
Түсіндірме жұмыстары барысында суға шомылу кезеңінің қауіпсіздік ережелері мен оның алдын алу бойынша түсіндіріліп, жаднымалық парақшалар тарқатылды.
Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;
- Суға мас күйінде түспеңіз;
- Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;
- Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;
- Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға;
- Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
- Суда ойнауға;
- Түнде суға шомылмаңыздар;
- Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.
ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!
- Суға абайлап түс.
- Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
- Жалғыз шомылмауға тырыс.
- Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
- Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
- Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.
Шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға суға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз!