ЛАЗИЗ СУЛАЙМАНОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЛАЗИЗ СУЛАЙМАНОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының ұйымдастыруымен қалалық мәслихат депутаты Сулайманов Ләзиз Низамханұлының қатысуымен жергілікті тұрғындармен кездесу өтті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Депутатпен өткен кездесуде ұсыныс, талап-тілектер айтылды. Атап айтар болсақ тұрғындар аудандағы қоғамдық көліктердің қатынауы, ішкі көшелердің асфальттап беруін сұрады. Айтылған мәселелердің барлығын халық қалаулысы бақылауына алып, назарда болатынын айтты.
Сондай-ақ, партия тарапынан «Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орта­лық­тарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін».
Айта кетейік, аптаның әр бейсенбі күндері халыққа заңгер мамандар тегін құқықтық көмек көрсетеді. Партия есігі халыққа әрдайым ашық. Күнделікті партияның қалалық филиалында депутаттар, түрлі саланың мамандары қоғамдық қабылдаулар жүргізсе, ай сайын ашық есік күндері өтеді. Партия мүшелері шалғай елді мекендерге де көшпелі отырыстар өткізіп, тұрғындар мәселесін тыңдауға мобильді қабылдаулар жиі барып тұрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...