ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қалалық “AMANAT” партиясы Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында Шымкент қалалық мәслихат депутаты Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы мен Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы №2 көпсалалы қалалық аурухана қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, отбасындағы әкенің орны мен ананың орнын және де әке мен ананың бала алдындағы жауапкершілігі, тәрбиесі жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар, бүгінде мемлекетіміз тарапынан жасалынып жатқан жанұяларға әлеуметтік қолдаулар жөнінде кеңінен түсіндіріп берді.
«AMANAT» партиясы көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері және аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау және олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруды тоқтатпайды. Мәселен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған.
Шымкент қаласында осы жоба аясында жыл сайын көп балалы, жалғызбасты және аз қамтылған 500 отбасыға қолдау көрсетіледі. Жоба аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды іс-шараның бірі – инклюзивті білім беруді дамыту. Алдағы бес жылдықта қаладағы барлық мектептерде осы мақсатта ресурстық кабинеттер ашылады.
Сонымен қатар, партия Шымкент қаласында 2023-2027 жылдары аралығында «Бақытты жанұя» атты бес орталық ашылуына ықпал жасайды. Үкіметтің алдына аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған бөлек жәрдемақы белгілеу міндетін қояды.
258 мыңнан астам әйел әлеуметтік төлем алып отыр. Мемлекеттік бюджеттен бұған 1,2 трлн теңге жұмсалмақ. Әйелдердің табысына байланысты олардың орташа мөлшері 2 айдың қорытындысы бойынша шамамен 900 мың теңгені құрады.
1 қаңтардан бастап бала тууға арналған біржолғы жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы бірінші, екінші және үшінші бала туылған кезде отбасы 131 мың теңге, ал төртінші және 217 мың теңгеден астам алады.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Өткен жылы туылған балаларды ескере отырып, мұндай төлемдерді 760 мыңға жуық отбасы алады», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...