САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалына қарасты «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымында жиын болып өтті. Күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.
Бас қосуда сөз алған аталмыш бастауыш партия ұйымының төрағасы Лаура Тұрлыбекқызы, бүгінде сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша жол картасы бекітілгенін жеткізді.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін қала бюджетінен қомақты қаржы да қарастырылып отыр. Бағдарламаға енген әрбір жоба бақылауда. Сондай-ақ, сайлау барысында халықтан жиналған ұсыныстар да іріктеліп, ішіндегі өміршең актуалдыларын жүзеге асыру барысы қарастырылып жатыр. Президентімізбен бірге жаңа Қазақстанды құруда партияластар да аянып қалып жатқан жоқ»,- деді ол.
Еске салар болсақ, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі. Партия төрағасы Ерлан Қошановтың мегаполиске іссапарында партия кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті ашу және дамыту жолындағы кедергілерді жойып, жастардың бизнес бастауына қолдау көрсетеді деген болатын. Уәде орындалуда.
Оның бір мысалы, балабақша ашқан Дана Мирбекова. Жеке кәсіпкер қазіргі таңда миллионды қала тұрғындары үшін өзекті болған балабақшалардағы орын жетіспеушілігін жоюға өз үлесін қосып келеді. Балабақшаны жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1 пайыздық жеңілдетілген несие алып ашып отыр. Кәсібін ашуға жөн сілтеген «Shymkent Invest» фронт-офисі. Аталмыш орталыққа бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ерлан Айтбаев, қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Қайрат Имашев арнайы барды. Фронт — офис жұмысын бағдарлап, кәсіпкерлермен сұхбаттасты.
Орталық «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, ондағы мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша фронт-офистің көмегіне 2325 кәсіпкер жүгінген. 1 пайыздық үстемемен 52 кәсіпкер несие алған.
Бұл партияның сайлауалды бағдарламасында да қамтылған. 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламаның Жол картасында кәсіпкерлік саласын дамытуға байланысты негізгі тармақтар қарастырылды. Шымкентте 2027 жылдың соңына дейін 80 мың жұмыс орнын ашу, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар санын 200 мың адамнан асыру жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...