«AMANAT» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ азық-түлік, дәр-дәрмек, жанармай бағаларына зерделеу жұмыстары жүргізуді жалғасып жатыр, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Партияның аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған мониторингтік топ мүшелері сауда орындарындағы тұтынушыларымен пікірлесіп, алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына тұрақты зерделеу және талдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратынын жеткізді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жұмыс топтар супермаркет, базар, дәріхана, жанармай бекеттерін аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады.
Зерделеу барасында арнайы құралған жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді.
Орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Алдағы уақытта партия тарапынан дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстары жалғасатын болады. Мониторинг топ дәрілік препараттардың шекті бағадан аспай саудалануын, дәріханналарда әрбір келушіге түбіртек берілуін және дәрі тапшылығы да ескерілетін болады.