ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР НАСИХАТТАЛДЫ

Абай ауданы жастар ресурстық орталығы мен Тұран ауданы жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Қазығұрт шағын ауданы тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – шалғай елді мекен тұрғындарын түрлі мемлекеттік бағдарламалармен қамту.
Түсіндірме жұмыстары барысында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, мемлекеттік гранттар мен «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орындары», «Ұрпақтар келесім-шарты мен 2,5% несие жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Биыл Шымкентте 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы аясында жүзеге асырылғалы отыр.
Мемлекет басшысы жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5 пайыздан жеңілдетілген микрокредит беру тапсырмасын іске асыру барысында Шымкент қаласынан биылғы жылы 261 кәсіп бастаушы жасқа микрокредит беру мақсатында республикалық бюджеттен 1 305,0 млн. теңге қарастырылған.
Кредиттер мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін беріледі.
Қазір жастар кәсібін жеңілдетілген несиелендіруге қатысты Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қаржы министрлігімен үш жақты кредиттік шарт жасалды.
Сенім білдірілген өкіл болып «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен айқындалды.
Бүгінгі таңда 2 комиссияның отырысы өтті. Онда 63 құжат қаралып, 31 адам комиссияның оң қорытындысын алды.Биылғы жылдың 30 мамырында Шымкент қаласы бойынша жастарға микрокредиттер беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін конкурс комиссиясының келесі отырысы өтті.
Түсіндірме жұмыстары барысында аудан жастарына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын 2,5% жеңілдетілген несие жөнінде толыққанды ақпарат айтылып, қажетті құжаттардың тізімі мен оқу барысындағы өзгерістер туралы түсіндірілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ