Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев кезекті есепті кездесуін Қарашық ауыл округінің тұрғындарымен өткізді. Аудан басшысы алдымен атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Халық игілігі үшін біршама жұмыстар атқарылған. Алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ:
Құмтүйін елді мекені 900 орындық мектеп құрылысына сыртқы инжинерлік инфрақұрылымдардың құрылысына ЖСҚ әзірленуде.
Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысында бағдаршам орнатылады.
Қарашық елді мекенін электр желісімен қамтамасыз етіледі.
Қарашық ауыл округіне 6 дана трансформатор орнатылады.
Құмтиын ауылындағы Актанбаев көшесін орташа жөндеуден өтеді.
Тұрғындар тарапынан айтылған ең өзекті мәселенің бірі ауыл маңында жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату. Мәселені тыңдаған аудан әкімі заң аясында шара көрілетінін айтты. Сонымен қатар, су қоймасы салу, ауылды газбен қамту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жарықтандыру сынды тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер айтылды. Аудан басшысы әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен халықтың ұсыныстарын шешуге жұмыс жасалатындығын жеткізді.
Халықпен кездесу барысында: - Қарашықтың әлеуеті жоғары. Орта және шағын кәсіп қарқынды дамыған. Бірақ бұған тоқмейілсінуге болмайды. Ауыл тұрғындарының жағдайын жасау біздің басты міндетіміз. Атқырылар шаруа көп. Алдымен ең өзекті деген мәселеге ден қоямыз,- деді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.
Есепті кездесу соңында аудан басшысы ауыл әкіміне халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау керектігін ескертті. Бастысы, атқарушы билікпен бас қосқан ауыл тұрғындары есепке оң бағаларын беріп, ауданды өркендету жолындағы қызметтеріне алғыстарын жаудырды.