Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Оранғайлық тұрғындармен кездесті. Есепті жиында аудан басшысы өткен ІІ тоқсанда атқарылған жұмыстарды тізбектеп, алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды атап көрсетті. Атқарылған жұмыстарға қарағанда, жалпы жан-жақтылы өсім барлығы байқалады. Әрине, шешілмеген, қордаланған, кезегін күткен түйткілді істер де көп.
Ауыл тұрғындарының сұрағы негізінен халықтың денсаулығы, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолды жөндеу, интернет жылдамдығын арттыру, мал жайылымын ұйымдастыру төңірігенде болды. Сонымен қатар, балалар ойын алаңшасын салу, көшелерді жарықтандыру да тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс.
Оранғай ауыл округі "Ауыл аманаты" пилоттық жобасына кірген төрт ауылдың бірі. Ауыл округ бойынша 2 кооператив пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген. Жоба бағыттары – жылыжай кешенін салу, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өндіру қайта өңдеу және отбасылық мал бордақылау алаңын ашу, етті өндіру.
Несие алуға 34 жоба өтінім білдіріп, «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 115,7 млн теңгені құрайтын 23 жоба несие алуға мақұлданды. Қазіргі таңда 53,0 млн теңгені құрайтын 9 кәсіпкердің жобасы «Ырыс» МҚҰ» тарапынан қаржыландырылды.
Ауыл округі тұрғындары тарапынан ұсынылған жобалар арасынан 82,625 млн теңгені құрайтын 10 жоба кері қайтарылды. Бүгінгі күнге 17,7 млн теңгені құрайтын 4 жоба кепіл шартын тіркеу сатысында тұрған болса, 9 жобаның құжаты толық рәсімделіп, «Ырыс» МҚҰ-на өткізуге дайын тұр. Сөз арасында аудан әкімі тұрғындарды жобаға қатысуға шақырды.
Кездесу соңында аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Сонымен қатар, жаңадан сайланған ауыл әкімі Берік Қуандыққа да ауыл тұрғындарының артар үміті үлкен. Ел алдындағы есеп беру кездесуін «Біздің міндетіміз – ауыл халқының жағдайын жасау», - деп түйіндеді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.