САУРАН: ЕСКІ ИҚАНДА "АУЫЛ АМАНАТЫНА" ҚАТЫСУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП

САУРАН: ЕСКІ ИҚАНДА "АУЫЛ АМАНАТЫНА" ҚАТЫСУҒА НИЕТТІЛЕР КӨП

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев кезекті есепті кездесуін Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындарымен өткізді. Түнеу жолғы кездесуде көтерілген бірқатар мәселе оң шешімін тапқан. Алайда уақыт пен бюджеттің жоспарына байланып шешімін күткен тірлік те аз емес. Алдымен әкім ауданда ІІ тоқсанда атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталды. Ілкімді істерді тізбектеді. Алдағы жоспарлармен бөлісті.
Ескі Иқандық тұрғындарды қызықтырғаны "Ауыл аманаты" жобасы. Қатысуға ниеттілер көп. 2,5 пайызбен несие алып өз шаруамды дөңгелетсем деген тұрғындардың сұрағына жауапты мамандар тәппіштеп жауап берді. Алайда несиеге өтінім беріп тауы шағылғандар да жоқ емес. Несие аларда кепілге қойылатын мүлікті бағалауға келгенде тиісті мекеме төмен баға беретін көрінеді. Ал жобаға жауапты мамандардың жауабы біреу. Заңнан асып кете алмайды. Жөн-ақ. Мемлекеттің әрбір тиынының сұрауы бар. Несиенің өтеуі тағы бар. Алынған несие тек мақсатты түрде жұмсалу қажет. Пайызы төмен несиені алып, оңды солды жарата алмайсың. Өзіңді жұмыспен қамтисың. Мұқтаждығыңнан арыласың. Жобаның басты мақсаты да осы. Шаруаң дөңгелесе игілігін ел көреді.
Республикалық "Ауыл аманаты" пилоттық жобасына ауданға қарасты 4 ауыл округ енгізілген. Аталған 4 ауылдық округтен 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жалпы құны 349,8 млн теңгені құрайтын 67 жоба мақұлданып, оның ішінде 111,0 млн.теңгені құрайтын 21 жоба қаржыландырылды. Ескі Иқан ауыл округі пилоттық жобаға енгізілген төрттіктің бірі. Ауыл округ бойынша 2 кооператив пилоттық жобаға қатысуда. Иқан Агро-2" АШӨК отбасылық сүт фермасын ашуға ниетті. Ал, SAMRUQ 2023" АШӨК отбасылық мал бордақылау алаңдарын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек несие алуға 7 жобаның құжаттары өткізіліп, «Ырыс» несие қаржы ұйымынан 41,0 млн теңгені құрайтын несие алуға мақұлданды. Ауылдық округ бойынша 21 жоба толық дайындалып, «Ырыс» МҚҰ-на өткізуге дайын тұр.
Аудан әкімі жиын барысында тұрғындарды бағдарламаға қатысуға шақырды. Шаруалардың берекесін тасытуға бағытталған бағдарлама тиімді ақ. Тек тәуекел етіп, белді бекем байлап кіріссе болғаны.
Ескі Иқанның мал шаруашылығын дамытуда әлеуеті зор. Аудандағы потенциялы жоғары ауыл. Халқы еңбекқор. Мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Сіздермен әр кездесуімде түрлі мәселені талқыладық. Бірқатары орындалды. Оған өздеріңіз куәсіздер. Біз әр ауылды жаңарту арқылы Сауран ауданын гүлдендіреміз. Оған сіздер де елдің жанашыр азаматы ретінде атсалысуларыңыз қажет. Мемлекет тарапынан жасалынған әрбір мүлікке тиянақты, жанашырлықпен қарауға шақырамын. Ауылдың тұрғындары сіздер. Демек, ауылдың таза болуы сіздерге байланысты. Тазалық айларында ауылдың тазалығына атсалысқан әрбір тұрғынға мен алғыс білдіремін. Туған елге деген сүйіспеншілік табалдырықтан басталады. Оған бәріміз жауаптымыз- деп сөзін аяқтады Ғалымжан Қарабайұлы.
Есепті кездесуде көтерілген мәселе екшеленіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырламалар берілді. Аудан әкімінің халықпен есепті кездесуі күні ертең 09.08.2023 жылы сағ: 11-00 де Шаға ауыл округінде, ал сағ: 16-00 де Үшқайық ауыл округінде өтеді деп жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...