ОТЫРАР: АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ КӨКСАРАЙ ЖӘНЕ АҚҚҰМДА ЖАЛҒАСТЫ

ОТЫРАР: АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ КӨКСАРАЙ ЖӘНЕ АҚҚҰМДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов түс ауа Көксарай, Аққұм ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан басшысы алда тұрған міндеттер мен атқарылатын жұмыстар туралы айтып, іске асатын жұмыстардың дені бұған дейінгі кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер екенін жеткізді.
Өткен жылы қос ауыл округінде тұрғындармен өткен кездесуде 16 мәселе айтылып, аудан әкімінің бақылауына алынған болатын. Бүгінде аталған мәселелердің барлығы өзінің реттілігі бойынша кезең-кезеңімен іске асып келеді.
Мәселен бұған дейінгі кездесулерде көксарайлық тұрғындар «Көксарай» каналына тоспа (шлюз) орнатылса, қосымша су насосы қойылса, Жанкел, Ызакөл елді мекендеріндегі ауыз су құрылысы жүргізілсе деген өтініштерін айтса, аққұмдықтар жаңа емхана жайы салынса, Асанов көшесіне жарықтандыру және «Көккөл» каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілсе деген талап-тілегін жеткізген болатын. Аталған мәселелерді шешу бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда «Көксарай» каналына 2 тоспа орнатудың сметалық жобасы дайындалуда, сондай-ақ, «Қазсушар» РМК-гің «ОңтүстікСушарЖоба» бөлімшесі арқылы «Көксарай» каналына бас тоспаның жобасы әзірленуде, аталған жобалар біткен соң «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына ұсыныс беріледі. Сондай-ақ, аудан бойынша Бестам, Жанкел, Ызакөл, Сырдария, Ақкөл елді мекендеріне, оның ішінде бүгінде Жанкел, Бестам, Ызакөл елді мекендерінде ауызсу жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Жанкел, Ызакөл елді мекендерінің құрылыстары ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, Бестам елді мекенінің құрылысы 2024 жылға өтпелі. Ал, биылғы жылы Аққұм елді мекенінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Тиісті жұмыстар аяқталған соң ауыз су жүйелері жөнделетін болады. Сонымен қатар аудандағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Осы мақсатта ағымдағы жылы Қостүйін, Аққұм, Көксарай, Жанкел, Шеңгелді, Ызакөл, Маяқұм, Қостерек, Бестам, Балтакөл, Көлқұдық, Ақкөл, Үштам елді мекендеріне газ құбырын жүргізуге жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен тиісті қаржы қаралған.
Мұнан бөлек Аққұм ауылынан балалар ойын алаңшасын салу, Көксарай ауылының көшелеріне аяқ жолдар салу, жарықтандару жұмыстары жүргізілуде. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Аққұм ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Кездесуде ауыл тұрғындары Бақыт Мырзапейс, Жарылқасын Есжанов, Махамбетәлі Пердебеков, Жолдасбек Досаев, Хайрулла Аймурзаев, Қаныбек Әбілпәтталардың ауыл округіндегі ауруханаға жедел жәрдем көлігін алу, жабық спорт алаңшасын салу, газдандыру жұмыстарын жүргізу, жолдарды жөндеу, жайылымдық жер мәселелері бойынша қойған сауалдарына жауап берген аудан әкімі жауапты сала басшыларына заң аясында тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды.
Жиыннан соң жеке мәселелері бойынша аудан әкімінің жеке қабылдауында өз өтініштерін айтқан тұрғындарға заңдылығына қарай нақты жауаптар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның...

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы...