САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ НАЗАРЫНДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ НАЗАРЫНДА

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауында алдын ала жазылған 22 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар мүгедектік зейнетақы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, тұрғын үй кезегі, жұмыспен қамтамасыз ету, көпқабатты тұрғын үйден пәтер беру, электр энергиясымен қамтамасыз ету, оңалту орталығы және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар мәселені шешу үшін тиісті бөлім басшыларына және қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне арнайы тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...