ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ORDABASY: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кезекті жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Жеке қабылдауда Төрткөл ауылының тұрғыны «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында кәсіпкерлікпен айналысу үшін жер телімі, Қараспан, Темірлан ауылының тұрғындары баспана мәселесі, Бөржар ауылының шаруалары ағын су, үйіргелік жерге сұраныс білдіру бойынша өз өтініштерін білдірді.
Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, айтылған мәселелер өз бақылауында болатынын жеткізді.
Тұрғындардың жеке өтініштері бойынша салаға жауапты әкім орынбасарлары мен бөлім басшыларына қабылдауда айтылған мәселелерді зерделеп, Заң шеңберінде шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...

Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітетін және медициналық...