Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі Сарыағаш қаласы, А.Омаров көшесінің бойында орналасқан коммуналдық тұрғын үйге арнайы барып, жағдайымен танысып, тұрғындармен жүздесті.
Айта кетсек, аталған тұрғын үйлердің құрылысы 2011 жылы басталып, 2012 жылы аудан әкімінің «Арендалық (коммуналдық) тұрғын үйлерді беру туралы» қаулысына сәйкес, тұрғындарға берілген болатын. Бүгінде тұрғындар аталған тұрғын үйлерді жекешелендіру және инфрақұрылым жүргізу бойынша өтініштерін жеткізді.
Тұрғын үйдің жағдайымен танысып, тұрғындар өтінішіне құлақ асқан аудан басшысы Сарыағаш қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына аталған тұрғын үйлерді жекешелендіру бойынша және Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасарына А.Омаров көшесіндегі ауыз су және жол мәселесі бойынша зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін баяндау туралы тапсырма жүктеді.