САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуінде аудан тұрғындары келіп оңалту орталығында қызмет алушылардың санын арттыру мәселелері бойынша шағымдары мен ұсыныстарын айтқан болатын.
Осыған орай, аудан әкімі Арман Абдуллаев «Сарыағаш мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, тұрғындарға және мекеме қызметкерлерімен кездесіп, мәселенің мән-жайын анықтап,тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындар бір ауыздан оңалту орталығы осы ғимаратта ары қарай жұмысын жалғастырып, ғимаратты кеңейтуге бір ауыздан келісімдерін берді.
Аудан басшысы тұрғындардың көтерген мәселесі бойынша тиісті мекеме басшысына келесі жұмаға дейін оңалту орталығына тағы бөлме қосып, кеңейту үшін құрылыстың жобасын өлшеп, тиісті ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және...

Елордада Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, ведомствоға...