САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ НАЗАРЫНДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВТЫҢ НАЗАРЫНДА

Бүгін аудан басшысы Арман Абдуллаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауында 35 тұрғынның өтініштері қаралды.
Қабылдауға келген тұрғындар мектеп формасына қаржылай көмек беру, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек беру, көпқабатты тұрғын үй кезегі, жерлерді құжаттандыру, жол кедергілерін орнату, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жатақханадан пәтер беру және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген барлық өтініштерге нақты жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, қосымша зерделеуді талап ететін мәселелерді жіті бақылауында ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...