САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

САЙРАМ: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі Арман Сәбитов бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауға келгендердің дені инфақұрылым мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жер, үй және әлеуметтік мәселесімен жүгінді. Қабылдау барысында Арман Сәбитов әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Кездесуде Ақсукент ауылындағы Құрылысшы көшесінде орналасқан 54 көпқабатты үйлердің жөндеу жұмыстары да айтылды. Аталған үйлер мәселесі бюджеттік несиелеу жолымен шешіледі. Бұл үшін пәтер иелері санының үштен екісінен астамы келісім беру қажет. Әрі қарай жергілікті атқарушы органдардың тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жөндеу жұмыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Ханқорған ауылындағы көшелерге асфальт төсеу проблемасы да тұрғындар тарапынан көтерілді.
Тұрғындардың айтуынша, жол 33 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Бұл мәселе турасында аудан әкімі Арман Сәбитұлы жоғарыда айтылған проблемадан хабардар екенін айтты. Енді жаңадан жобалық-сметалық құжаттаамсы әзірленіп, міндетті түрде жөндеу жұмыстары орындалатынын жеткізді.
Бірден айта кетейік, Арман Сәбитұлы аудандағы инфақұрылым мәселелеріне айрықша назар аударған. Ол ең алдымен аудандағы жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді жүйелі түрде және нақты шешуге, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға және оның бірыңғай тәсілін қалыптастыруда нәтижелі жұмыс істеуде.
Аудан әкімі азаматтардың арыз-шағымдары мен айтылған мәселелері тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...