Бүгін аудан басшысы Азат Оралбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Аудан әкімінің жеке қабылдауына келген тұрғындар әлеуметтік көмек, ауызсу, көшеге тас төсеу мен Шымкент қаласы бағытынан Атамекен ауылына кіретін қосымша жол ашу, Темірлан ауылы К.Омаров көшесіне орнатылған суағарды ретке келтіру мен тұрғын-үй мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы қабылдау барысында тұрғындар көтерген барлық өтініштерге нақты жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды.
Сондай-ақ, қосымша зерделеуді талап ететін мәселелерді жіті бақылауында ұстайтындығын айтып, жауапты дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тұрғындардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешуді тапсырды.