ШЫМКЕНТТЕ ТАЛАЙ ЖЫЛДАН БЕРІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН БАЛАБАҚШАЛАР ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАБДЫҚТАЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТАЛАЙ ЖЫЛДАН БЕРІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН БАЛАБАҚШАЛАР ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА САЙ ЖАБДЫҚТАЛУДА

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын қала аумағындағы білім ошақтарының дайындығы басты назарға алынуда. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан балабақшалардың құрылысын тексерді.
«Қарасу» шағын ауданындағы «№99 Гүлдер бөбекжайы қаладағы ең байырғы білім ошақтарының бірі. 1984 жылы салынған орталыққа биыл күрделі жөндеу жүргізілді. Екі қабатты ғимаратта 410 тәрбиеші қабылданған. Заманауи талапқа сай жабдықталатын балабақшада құрылыс 5 ай жалғасады.
Жобада қаралған жұмыстардың орындалған көлемі 50%-ды құрайды. Мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қазан айында аяқталып пайдалануға беріледі.
Күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім ошақтарының қатарында №3 бөбекжай-бақшасы да бар. Айбергенов көшесінде орналасқан орталықта тәрбиеленушілер саны 130. Екі қабатты ғимараттың құрылысы наурыз айында басталған болатын. Жұмыстар өндірістік кестеге сай қыркүйекте аяқталып, пайдалануға беріледі. Орындалған жұмыстардың көлемі 60%.
Осыған дейінгі аралаулар кезінде М.Дүйсенбекұлы аталған балабақшадардың құрылысымен танысып, нысандарды жабдықтауда нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Әкім тапсырмасына сәйкес, мердігерлер тарапынан жұмыс қарқыны күшейтіліп, балалар қауіпсіздігі ескерілуде. М.Дүйсенбекұлының орталықтардың озық үлгіде жасақтау бойынша берген тапсырмалары да бүгінде орындалуда. Қала әкімі жауаптыларға сапаны бақылап, балабақшаларды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды.
"Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.
Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ