ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ СИАНЬ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІ СИАНЬ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығы халықаралық байланыстырды нығайту мақсатында Сиань халықаралық зерттеулер университінің өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында білім алуы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі, оқытушылармен алмасуы, бірлескен зерттеулер жүргізу және оқу орнының халықаралық бастамаларға қатысуы бағытындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктері талқыланды.
Бұл ынтымақтастық студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, профессор оқытушы құрамының және ғылыми қызметкерлерінің үлкен мүмкіндіктеріне жол ашады.
Сонымен қатар, Әуезов университеті Қытай сапарының аясында Сиань медицина университетінің жұмысымен танысты.
Айта кетейік, 2023 жылғы 4-7 шілде күндері Шымкент қаласының өкілдері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесулер өткізуде. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында баақарма басшылары, аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдері бар.
Іс-сапардың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірбие алмасу.
Айта кететін, жастар ресурстық орталығының психологтарының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жастары арасында «Жастар мен жасөспірімдердің мазасыздық деңгейін диагностикалау» тақырыбында арт-терапиялық семинар-тренинг өтіп тұрады.
Семинар мақсаты - жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету арқылы өз бойында сенімділікті қалыптастыру және түрлі психологиялық құбылыстардың алдын-алу.
Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан мектептерде іс-шаралар атқарылады. Оқу жылының басында құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары жасалып, бекітіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...