240 МЫҢ ТОННА ӨНІМ САҚТАЙТЫН КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

240 МЫҢ ТОННА ӨНІМ САҚТАЙТЫН КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында азық-түлік, көкөніс және тағы басқа тұрмыстық тауар өнімдерін сақтайтын ірі Сауда логистикалық орталығы 228 гектар аумақты алып жатыр. Қазір мұнда үш жоба жүзеге асырылған, яғни «Continental logistics Shymkent», «Kazakhstan Logistic group», «Зерде» компанияларының тұтынушылық өнімдерін сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр.
Ал жаңадан қолға алынған 6 жоба алдағы күндері логистикалық орталықтың тасымалдау бөлшегіне айналмақ.
Соның бірі «Euro Tranzit Service Management» көкөніс сақтау қоймасы. Құны 5 миллиард теңге тұратын жобаның құрылысы биыл басталып, қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған сауда логистикалық орталығында болып, қойма құрылысының бет-алысымен танысты. Қазір мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған, сондай-ақ ғимарат негізгі 3 блокқа бөлінеді.
Бірінші, 12 мың шаршы метрді алып жатқан тауарды құрғақ сақтау бөлімі, екінші 8 мың шаршы метрлік мұздатқыш бөлігі, үшінші қосымша тауар сақтайтын бөлік. Қойма жылына 240 000 тонна жүк қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталып, 80 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 200-ге жуық сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрі белгіленген бағада сатылып келеді. Биыл әлеуметтік сауда орындарының санын 300-ге жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, бұл бағытта қант, ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдерін өндіретін тауар өндірушілермен келісім-шарттар түзілген.
Бұл шаралар қала тұрғындарына ең қажетті тамақ өнімдерін тиімді бағада тұтынуға мүмкіндік береді. Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстап тұру үшін шаруа қожалықтарымен баға өсімінің алдын алу бойынша форвардтық келісім-шарттар түзілді.
Күзде пісетін көкөніс өнімдері бойынша 2 мың тоннаға форвардтық келісім-шарт түзіліп, тауарлар 2023-2024 жылдары маусымдық кезеңде нарыққа шығарылатын болады.
Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары апта сайын қаланың 8 нүктесінде ұйымдастырылатын жәрмеңкелерде күнделікті тұтынатын тауарларды нарықтан 10-15% төмен бағада сатуда.
Тауар бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында құзырлы мекемелер арнайы комиссия құрып, жеткізу қызметімен айналыстын дистрибьюторлардың босату бағаларына электрондық шот-фактуралар арқылы тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...