ТҰРАН АУДАНЫНДА АУЛА ІШІЛІК АЯҚЖОЛДАР САЛЫНУДА

ТҰРАН АУДАНЫНДА АУЛА ІШІЛІК АЯҚЖОЛДАР САЛЫНУДА

Шымкент қаласы Тұран ауданында аула ішілік аяқжол салу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта А.Байтұрсынов көшесі №59А, №94, Ғ.Орманов көшесі №40-42, Спорт шағын ауданындағы №18-23, №14 тұрғын үйлер, Қ.Рысқұлбеков көшесі №50А, О.Жандосов көшесі №2 көпқабатты тұрғын үй кешені аумақтарында құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр.
Аяқжол салу жұмыстарын биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін бітіру жоспарланған.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының барлық сындарлы өтініш-тілектері жедел әрі тиімді қарастырылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына баса мән беріліп отыр. Бұл ауқымды жұмысты бүкіл қоғамымыз бірлесе атқарды. Дегенмен, осымен тоқтап қалуға болмайды. Бәріміз осы сара жолмен ілгері жүруіміз керек.
Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін».
Қала әкімі М.Әйтенов ағымдағы жылы тұрғындарды жеке қабылдап, түскен өтініштер бойынша тиісті басқармаларға тапсырма берген болатын. Осыған орай, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан аялдамалар, жол белгілері, аяқжолдар салынып,шағын аудандарға асфальт төселіп, шұңқырлады жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Соның бірі - Қаратау ауданы аумағындағы Көшеров көшесінің бойынан жаяу жүргіншілер жолы тұрғындардың өтінішін ескере отырып жасалды.
Сонымен қатар, қала аумағындағы Саяжол көшесіне, Көшеров көшесіне, К.Цеткин мен Қапал батыр көшелерін байланыстыратын Көлбаев көшесіне де жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ, Шапағат-2 шағын ауданындағы мешітке қарай баратын атауы жоқ көшесіне, Хан тәңірі көшесі,Парасат көшесі,Жібек жолы көшесі, Набережная көшесі,Кенесарин көшесі және Гозахан көшесіне де жая жүргіншілер арналған жолдар бар.
Онымен қоса, Әл-Фараби ауданына қарасты Сапарбаев көшесін жөндеуден өткізу өтініші қала әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуінде айтылған болатын. Нәтижесінде шаһар басшысының бекіткен іс-шара жоспарына енгізіліп, ұзындығы 450 метрге жуық Сапарбаев көшесінің тұйығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде қаламызда жөндеу жоспарланған 308 көшенің 247-сінде жұмыстар толығымен аяқталған. Ал, қалған 39 көшеде қазан айының соңына қарай жөндеу жұмыстары толық аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...