ШЫМКЕНТТЕ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫ ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Шымкенттегі «Қамқорлық» №8 балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында бүгінгі күні 100-ге жуық бала қызмет алуда. Орталықта аутизм және аутистік спекторының бұзылыстары бар балаларға түзету-дамыту, қоғамға бейімдеу және әлеуметік оңалту шаралары көрсетіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді. Мамандардың айтуынша, арнайы педагог мамандардың жеке және топтық жұмыстарының нәтижесінде балалардың визуалды қабылдауы, қарапайым қимыл-қозғалыстары мен дағдыларында оң өзгерістер байқалады. Логопедиялық жұмыстар жүргізу арқылы артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балалар дыбыстар мен жеке сөздерді анық айта бастаған.
Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметік қорғау басқармасына қарасты 110 орынға есептелген мекеме жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника және лего-бөлмелері, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген.
Мұнда балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға логомассаж тағайындалады. Сондай-ақ, балалармен аптасына 2 күн жеке жұмыс жүргізіледі.
Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Қамқорлық” №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болып отыр.
Еске саларлық, оңалту орталығына арнайы іссапармен Павлодар және Жамбыл облыстарының әлеуметтік сала басшылары келген болатын.
Орталық психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. «Қазақстан халқына» қоры мен «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен орталыққа жалпы құны ғимаратты толық жабдықтау үшін 280 млн.теңге инвестиция жұмсалып, қажетті жабдықтар Финляндия, Жапония, Австрия мемлекеттерінен жеткізілген. Қосымша 164, 6 млн.теңге бөлініп, мамандар арнайы оқытылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...