Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлы жүріп тұруына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында мегаполистегі басты жолдардың бірі Темірлан тас жолына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданына қарасты аталған тас жолдың бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше бағыттағы жұмыстар нақтыланды.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта Темірлан тас жолы бойында 131 кәсіпкерлік нысандар орналасқан. Оның ішінде 1 әмбебап базары, 3 мешіт, 8 авто көлік сату орталығы, 2 ірі сауда орталығы, 12 тойхана, 13 мейрамхана, техникалық қызмет көрсету орталықтары және ірілі ұсақты дәмхана мен әмбебап дүкендері орналасқан.
Қазіргі уақытта аталған кәсіпкерлік нысандардың жол бойында орналасқан авто көлік тұрақтары, аулалары мен қас беттерін (фасад) реттеуді қажет ететіндері 30% құрайды.
Бұл нысандар қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмей, авто көлік тұрақтары мен аулаларын абаттандырып, нысанның қас беттерін жаңартып, реттеуге өз келісімдерін беріп, қолдау тапты.
Бүгінде Шымкентте 16 шақырымды құрайтын «Оңтүстік» айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Нысан көлік кептелісін азайтып қана қоймай, жол бойындағы елдімекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына да ықпал ететін болады.
Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды. Осыған дейін жол құрылысының 50 пайызы орындалған. Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі дайындалған.
Қала әкімі жауаптыларға жол құрылысы барысында туындаған өзекті мәселелерді шұғыл шешіп, жұмыстарды сапалы жүргізуде тапсырды.
Биыл Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 201,7 шақырымды құрайтын 253 көше орташа жөндеуден өтеді. Олардың 24-і магистралды көшелер. Сонымен қатар жыл соңына дейін 140,6 шақырым жолда құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша қаладағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 71,2 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Аталған бағытта жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады және қаланың көркі күн артып ажарланатындығы сөзсіз!