10 ЖЫЛДА 400-ГЕ ЖУЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ

10 ЖЫЛДА 400-ГЕ ЖУЫҚ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының мәдени ошағы - Көрме орталығының халыққа қызмет көрсетіп келе жатқанына биыл 10 жыл. Бүгінде орталықта өтіп жатқан іс-шаралар заманауи форматта айшықталуда.
10 жыл ішінде өткен 378 көрменің 50-ден астамы халықаралық деңгейдегі іс шаралар. Африка елдерінің, “HALAL EXPO“, “Poneton”, «Worldskills», Иран Ислам республикасының, Өзбекстан республикасының, “AgriTekShymkent” халықаралық көрмелері жергілікті бизнес өкілдерінің әріптестік байланысына жол ашты.
Елдің ерекше қызығушылығын туғызған “KAZDENTEXPO-ЮГ” халықаралық стоматологиялық көрмесі де жыл сайын өтеді. Көрмеде тұрғындар денсаулықты жақсартуда пайдалы кеңестер алып, кәсіпкерлер озық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануға мүмкіндік алады. 10 жылдық мерейтой қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен Тәжікстан елінің құрылыс көрмесі және Түркия елінің брендтік киімдер көрмесі ұйымдастырылып, тауарлар халыққа тиімді бағада ұсынылады.
Қазақ елінде жалғыз «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы - Шымкентте орналасқан. Қазақтың тың дәстүрін терең танып білуге әлемнен түрлі туристер келуде.
Өздеріңіз білетіндей қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Әр ұлт өзіндік болмысымен, тарихымен үндескен ұлттық құндылықтарымен ерекше.
Қаламыздың мақтанышы, дәстүріміздің айнасы Салт-дәстүр орталығына әлемнің әр елінен шет ел азаматтары жиі ат басын бұрады. Мақсаты сол, еліміздің мәдени өміріне қызығушылықтарын білдіріп, қазақтың көне мәдениеті мен ұлттық құндылықтарымен танысуы жиі орын алуда.
Қазақтың дәстүрі мен салтына қызыға, тамсана қараған туристер алдағы уақыттарда шығармашылық - мәдение кештерді жиі тамашалап, дәстүр айнасына айналған төл туындыларымызды құрметтейтінін жеткізді.
Халық шығармашылығын дамытып, аймақтағы жас таланттарды танытып, халыққа рухани байлық «Шымкент қалалық мәдениет үйі» қомақты үлес қосып отыр. Ал, өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени құндылықтарды жеткізіп, насихаттау жолында қызмет етіп келе жатқан «Шым қала» тарихи-мәдени кешені, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінінің алар орны ерекше. Сонымен қатар, отандық және әлемдік мәдениет пен өнердің үлгі өнегесін, Шымкент қаласының мәдени мұрасын насихаттауда «Көрме» орталығы игі бастамалардың ұйытқысына айналған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Подробно обсуждены вопросы, касающиеся крушения пассажирского самолёта авиакомпании «Азербайджанские авиалинии» 25 декабря вблизи города Актау в...

Заместитель премьер-министра и глава правительственной комиссии Канат Бозумбаев в беседе с корреспондентом Tengrinews.kz прокомментировал информацию о том, что на Казахстан в...

Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да...

Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында жүзеге асырылған мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру бойынша пилоттық жоба жоғары...