Шымкентте автобустар мен жүк көліктеріне арналған автодромы бар заманауи автомектеп құрылысы қолға алынады. Бұл туралы қала әкімінің қатысуымен өткен нивестициялық штабта айтылды. Қазіргі уақытта автодром орналасатын жер аумағы қарастырылуда.
Жобаның құны 2 миллиард теңгені құрайды. Автодром құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жылына 5 мың адам көлік жүргізу куәлігін алуға мүмкіндігі бар.
Автодром құрылысын жүргізуге отыз жұмысшы күші тартылып, жоба 2024 жылдың аяғынай дейін жүзеге асырылады деп күтілуде.
Айта кететін, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, атмосфераға тарайтын улы заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған «Таза ауа» экологиялық акциясы ұйымдастырылған болатын. Акция көшедегі автокөліктерді рейдтік бақылау бағытында өтті. Іс шараның мақсаты қаладағы атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету.
Рейд барысында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы және Шымкент қаласы патрульдік-бекеттік полиция экипажымен бірлесіп автокөліктен шығатын тыныс алуға зиянды, әрі ауа ластайтын шығарындылар тексерілді.
Рейдте көшедегі автокөліктер тоқтатылып, оның ішінде уыттылық пен түтінділік бойынша тиісті нормалардан асып түскен көлік жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алдағы уақытта «Таза ауа» экологиялық акциясы тұрақты түрде жалғасатын болады.
Әр елдің экономикамен байланысты экологиялық проблемаларының жеке тізімі бар. Оларды жою мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады, бірақ бірінші кезекте оның салдары үшін жауапкершілік компаниялардың менеджментіне жүктеледі.