Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қала экономикасына қатысты инвестициялық жобаларды іске қосу мақсатында «Zalal Mowafaq» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде екі тарап Шымкентте жылына 500 миллион бөтелке алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу, сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындарын 300-ден астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарларын талқыланды.
Компанияның Ауғанстанда жеміс шырындары мен энергетикалық сусындарды өндіруде жиырма жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта бұл әлемдік тәжірибеде сұранысқа ие сусын екендігі дәлелденді. Ауғанстандағы алкогольсіз сусындар нарығының 78,4%-ды иеленуі олардың бұл саладағы жетістіктері мен тәжірибесі мол екендігін көрсетеді. Аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін «Бозарық» индустриалдық аймағынан 10 гектар жер телімі берілді.
Жобаның жалпы құны 7 200 млн. теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2024 жылға жоспарлануда.
Қазіргі уақытта қала бойынша 524,7 миллиард теңгеге 143 жоба қаралып, сараптау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ірі инвестициялық жобаларды атайтын болсақ, 2023-2024 жылдар аралығында іске қосылуы жоспарланған түркиялық инвесторлардың бастамасымен сусындар зауыты, инвестициялық көлемі 5 млрд теңгені құрайтын автоклавты газдалған бетон жасау зауыты, темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты, сутегі тотығы өндіретін зауыттарының құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілу сатысында.
Әсіресе, биыл ашылуы тиіс ішкі және сыртқы кәріз жүйелерін және ПВХ-дан жаңбыр суағарларын өндіру зауытының құрылысы 60 пайызға дайын. Автомобиль әйнегін шығару зауыты, керамикалық тақталар өндірісі, көпфункцияналды қойма кешені де қаланың экономикалық даму көрсеткішін ілгерілететін тетіктердің бірі.
ЖЫЛЫНА 500 МИЛЛИОН БӨТЕЛКЕ СУСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА
