ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Шымкент қаласында Қажымұқан Мұңайтпасов стадионының аумағында 2023 жылдың 12 және 19 тамызы аралығында сағат 9-00-ден 15-00 дейін Шымкент қаласының әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырумен отандық тауар өндірушілердің мектеп жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде қаланың 14 өнеркәсіп кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.
Олардың ішінде: «Гаухар» тігін фабрикасы» ЖШС (мектеп формасы), «Әлем-БТ» ЖШС (шұлық бұйымдары: спорттық, балалар, әйелдер, ерлер), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (тоқыма бұйымдары: түйе жүнінен жасалған киім және шұлық), «КазИталКожа» ЖШС (былғары бұйымдар: балалар сөмкелері, белдіктер мен қарындаштар, «LUX SHOES» БК ЖШС (былғарыдан жасалған ерлер және әйелдердің аяқ киімі), «SAGITEX GROUP» ЖШС, ЖК «Заря» (былғары аяқ киім), «B' Bars» ЖШС (аяқ киім), «Nappa.kz» ЖШС (аяқ киім), «QAGAZ ORDASY» ЖШС (жазу қағазы), «А энд К ЭКСПО LTD» ЖШС (жазу қағазы), «Azala Textile» ЖШС (мектеп формасы), ЖК Абдиев (мектеп формасы). «Вектор» ЖШС (оқушы дәптері) отандық тауарлары бар.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілері шығаратын мектеп формасы, аяқ киім және басқа да тауарларды халыққа ұсыну. Жәрмеңкедегі тауарлар өндірушілердің бағасы бойынша ұсынылады.
«Azala Textile» ЖШС – Шымкент қаласындағы толық циклдегі жалғыз тоқыма комбинат. Тігін өндірісін кеңейту үшін фабрикаға қосымша 200 млн. теңге инвестиция құйылып, 80 жуық тігін машинасы орнатылған.
«Оңтүстік» айрнай экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын тоқыма бұйымдары, медициналық төсек –жабдықтар мен отандық құрылыс компанияларының арнайы киімдерін өндіреді.
Фабрикада әскери киім тігуге арналған «Берік» атымен белгілі болған мата әзірленіп, қазіргі уақытта халықаралық зияткерлік патенттеуден өтуде. Жаңадан өндірілген мата (камуфляж) сапасы жағынан Ресей елінің маталарынан кем түспейді.
Қазіргі таңда «Azala Textile» фабрикасы ҚДС (мемлекеттік қорғаныс тапсырысы) бойынша Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының киімдеріне арналған маталарды өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымның...

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы...