ПРОФИЛАКТИКА: ТЫҢ ТЕРАПИЯ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫН ТОҚТАТТЫ

ПРОФИЛАКТИКА: ТЫҢ ТЕРАПИЯ ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУЫН ТОҚТАТТЫ

Шымкенттік дәрігерлер Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған арнайы терапия арқылы ВИЧ инфекциясының таралуына тосқауыл қоюда. Қаладағы ЖИТС орталығының мамандары тиімді профилактикалық шараларды жұқпалы инфекциясы бар жұптың серігіне және тағы да басқа қауіпті топтағы пациенттерге қолданады.
Осыған дейін арнайы терапия аясында вирусқа қарсы препараттарды қабылдаған 107 адамның бірде-бірінен жұқтыру жағдайлары тіркелмеген.
Орталықта қауіпті топтағы азаматтарға жанасуға дейінгі профилактика тегін жасалады. Биыл орталық дәрігерлері 500-ден астам пациентке аталған терапияны жүргізуді жоспарлауда. Бұл тәжірибе қалада инфекцияның таралуын төмендетуге үлкен сеп болып отыр.
Айта кетейік, Жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен жоспарлы науқандар тұрақты түрде ұйымдастырылып, ЖИТС жұқпасын алдын алу бағытында қала жастары арасында кеңінен насихатталу үстінде.
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ иммундық жүйені зақымдайды. Нашақорлық пен АИТВ алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру барша қоғамның міндеті.
Кездесудің мақсаты — АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
АИТВ-ның қазіргі таңда негізгі 3 жұғу жолдары дәлелденген.
1. Парентералды жол - қан және қан алмастырғыш препараттар арқылы
2. Жыныстық жол - қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы
3. Анадан балаға - босану кезінде, емізгенде анадан балаға беріледі.
АИТВ қоздырғышы адам ағзасының биологиялық сұйықтықтары қанда, шәуетте, қынап сұйықтығында, емшек сүтінде көп бөлінеді. Сондықтан жоғарыдағы 3 жұғу жолы дәлелденген.
Сондықтан жастарға айтарымыз зиянды әдеттерден аулақ болып, жат қылықтардан бойымызды алшақ ұстайық.Бір мезеттік сезімге беріліп, өмір бойына бармағымызды тістеп қалмайық. Жеке бастың гигиенасын сақтап, спортпен шұғылданып, таза ауада серуендеп ағзамызды нығайтып дені сау ұрпақ әкелуге, саналы ұрпақ тәрбилеуге ат салысайы

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен...