Жалпы облыс аумағында 1770 ескерткіш есепке алынған. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экспедициясы 3 археологиялық ескерткіш орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Атап айтқанда Сауран ауданынындағы Қарашық ІІ қалашығы, Келес ауданында орналасқан Мыңтөбе оба қорымдары мен Күлтөбе қалашығы ескерткіші және Созақ ауданы, Қызылкөл маңындағы оба қорымдары. Соның ішінде жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес «Қарашық өңіріндегі ескерткіштердің бүгіні мен болашағы» атты далалық семинар жұмыстары ұйымдастырылды. Шараға археолог мамандардан бөлек, Түркістан обылысы мәдениет және туризм басқармасының өкілдері, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Археология ғылыми зерттеу орталығының басшысы қатысты.
Қазіргі таңда «Қарашық өңірінің ежелгі және ортағасырлық қалалары» тақырыбымен ғылыми жоба бойынша ортағасырлық Қарашық қалашығында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр Аталған ғылыми жобалар министрлік гранты бойынша жүріп жатыр. Әр жыл сайын 2 ай көлемінде жұмыстар жүреді. Еліміздің оңтүстік өңірінде әлі анықталмаған ескерткіш орындар өте көп. Оларды анықтау бойынша келесі жылы Бәйдібек, Сауран ауданының аумағында ескерткіштер санын нақтылау бойынша жоспарланған.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.
«Кесененің жүй-күйін сақтау бойынша 2023 жылдың 28 сәуірінде Түркістан қаласында ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қариннің төрағалығымен кеңес өткен болатын. Аталған кеңесте, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына сәйкес, кесененің қазіргі жағдайы бойынша мәселелер 2004 жылдан бастау алғанын алға тартып отыр. Кесененің техникалық жағдайын зерттеу мемлекет деңгейінде көтеріліп отырған мәселе. Өткен жылы әр саланың білікті мамандарынан құралған жұмыс тобы зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Сала мамандары кесененің жай-күйіне кері әсер ететін күрделі айтарлықтай сыртқы факторлардың жоқ екендігі туралы хабардар етті. Дегенмен ескерткіштің тікелей өзіне қатысты бірнеше проблемалары бар, олар арнайы мамандарға жоғарыда атап өткенімдей бұрыннан белгілі. Проблемалардың күрделілігіне байланысты, себеп-салдарын айқындап және оның шешу жолдарын анықтау үшін, кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деген тұжырымға келген. Осы мақсатта зерттеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлінді», деді Д.Сатыбалды.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі Түркістанға сапарының қорытындысы бойынша тағы бір тапсырмасы Қазақстанның бірегей архитектуралық-тарихи кешені – XIV ғасырға жататын Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтау болды.
2021 жылы «Қазреставрация» қызметкерлері кесененің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізді. Содан кейін ол қанағаттанарлық деп бағаланды. Дегенмен температура мен ылғалдың маусымдық өзгеруі тарихи ғимаратқа кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ дренаждық ұңғымалар арқылы өтетін жерасты суларының да қаупі бар.
Халықаралық маңызы бар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің теңгерімінде. Кесенеге қатысты барлық мәселелер уәкілетті орган тарапынан шешіледі. Министрліктің мәліметі бойынша, 2023 жылғы шілде айында, кесененің күмбезіне ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, реставрация жасалу жоспарланып отыр. Бірінші кезекте егжей-тегжейлі инструменталдық тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар, ескерткіштің жай-күйін үнемі бақылауда ұстау үшін мониторингтік жүйе орталығын ашу жоспарланған.
Облыс әкімінің айтуынша, ескерткіштің сейсмикалық белсенділігін анықтау үшін, әртүрлі мақсаттағы құрылымдарды апаттық жағынан қорғау, диагностика және жүйелерінде қолданылатын арнайы сейсмологиялық датчиктерді орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, кесененің барлық бөлмесінде температуралық-ылғалдылық режимінің бұзылу себептерін анықтау бойынша жұмыс өте ауқымды болуына байланысты, қажетті датчик құралдарын әр түрлі деңгейде орнатып, кем дегенде жылдың 4 мезгілін қамтамасыз ету керек. Төрт маусымның тексеру, зерттеу нәтижесінен кейін ғана қандайда бір шешім қабылданады. Аталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтар, заманауи технологиялық тәсілдер пайдаланылмақ.
Еске салар болсақ, қыркүйек айында облыс әкімдігі мамандарының, экологтар мен халықаралық сарапшылардың басын қосқан жиында Түркістан өңірінің жасыл аймағын күтіп ұстау мен көлемін ұлғайту мәселесі талқыланған болатын. Басқосуға арнайы қатысқан Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан мен Пәкістан, Орталық Азия елдерінен келген ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ауа-райы қолайсыз аумақта ағаштарды баптаудың қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар облыс әкімдігінің бастамасымен Түркістанда 2019-2022 жылдары қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланды. Бүгінгі таңда барлығы 15 009 га жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Алдағы уақытта «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделуде.
Пленарлық отырыста мамандар Түркістанда тек өңірдің топырақтық – климаттық жағдайына бейімделген ағаштарды отырғызу және жаңа технологияларды енгізу, орман тұқымы аумағын қалыптастыру, тұқымбақ шаруашылығын кеңейту туралы тоқтамға келді.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу жоспарланып, бүгінгі таңда 15 009 гектар жерге көшеттер егіліп, күтіп-бапталуда. Түркістан қаласы мен облыстың бірқатар аудандарында климаты күрт континетальды болуына орай, егілген орман ағаштарының бірінші, екінші жылдарында 25 пайызының жерсінбей қурап қалуы, табиғи заңды құбылыс. Сондықтан орман шаруашылығы қағидаларында көрсетілгендей қураған ағаштарды қайта жаңғырту мақсатында орман екпелерін толықтыру жұмыстарын жүргізу, екпелерді құру процесінің кезекті тармағы болып есептелінеді. Осыған орай жасыл желектерді күтіп баптау мерзімі 5 жылға созылуы бойынша шешім қабылданып, мәдени орман екпелерінің көнімділігі 55 пайыздан жоғары болмайтынын атап өткен. Министрлік қолданыстағы орман алқаптарын күзгі түгендеуден өткізу Қағидасына өзгерістер енгізіліп, Түркістан облысындағы мәдени орман алқаптарының жерсіну мен сақталу көрсеткіші 50 пайызға белгіледі. Түркістан қаласы экологиялық аймаққа енгізілгенімен, күзгі түгендеу қортындыларына сәйкес, қазіргі таңда қала айналасындағы жасыл екпелердің көнімділігі 60-65 %-ды құрап отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқaев өз Жолдaуында ғылым саласын дамыту туралы бірқатар тапсырма берді. Ол тапсырмалар мен бастамаларды құзырлы министрлік жүзеге асыруды қолға алған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқaев өзінің сайлауaлды бағдарламасында ғылым елдің бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін жаңа өндіріс технологияларына бағытталатынын айтты. Осы тұрғыдa ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың мaңыздылығын атап өткен жөн. Сәтті коммерциялaндыру қосылған құнды aрттыруға, бизнестің және тұтacтай алғанда елдің бәcекеге қaбілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру есебінен технологиялық серпіліске кедергі келтіретін: ғалымдардың бизнес-құзыреттерінің болмауы, ғылым мен бизнестің әлсіз байланыстары, жеке қаржыландыруды іздеу проблемасы, өндіріске отандық инновацияларды енгізудің төмен деңгейі сияқты бірқатар негізгі проблеманы анықтады. Соның нәтижесінде өңірлерде өтініштер санының азаю үрдісі байқалатыны белгілі болды.
2021 жылы жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған авторлардың және өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдардың тізіміне ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ратбай Мырзақұлов кірді.
Еске салар болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізген болатын. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды. Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.
"Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы – білімнің жемісі. Әсіресе, қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ғылым мен технологияның өте қарқынды дамып жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, ғылым саласы қаржы айналымы миллиардтаған долларды құрайтын алып индустрияға айналды. Технологиялық ірі корпорациялардың құны триллион долларға жеткен. Нейрожелі және жасанды интеллект революциялық үдерістерге бастау болып жатыр.