ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫН ӘЛЕМНІҢ 21 УНИВЕРСИТЕТІ ОҚУҒА ШАҚЫРЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫН ӘЛЕМНІҢ 21 УНИВЕРСИТЕТІ ОҚУҒА ШАҚЫРЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Арыс қаласы, Владимир Комаров атындағы №8 мектептің 11-сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемдік университеттер назарын аударып отыр. Яғни, Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары арнайы шақыртулар жіберіп, білім гранттарын ұсынған. Ал оның таңдауы Чикаго университетіне түскен. Себебі ондағы рейтинг әлемдік деңгейде жоғары бағаланады.
Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын аударуға Шапағаттың жазған түйіндемесі себеп болған. Онда, ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше сипаттап, жазба қалдырыпты. Әлемнің 28 университетіне жазған хаттарынан 21 жауап келген. Барлығы жас түлекті оқуға шақырса, ал 7 жоғары оқу орны әлі жауап бермеген.
Оның айтуынша, «Алтын белгіге» де, «Үздік» аттестатқа да үміткер емес. Дегенмен бала күнінен ағылшын тілі пәнін жақсы оқыған. Тіпті 9-сыныпта жүргенде-ақ IELTS сынағын тапсырамын деген арманы болып, содан бастап тілдік қорын молайтып, қосымша білім алған.
Шапағат Сейілхан болашақта өзінің өмірін халықаралық қатынастар саласымен байланыстырғысы келеді. Яғни білім алып, елші болуды армандайды.
Түркістан облысы республикада білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі жағынан 1-орында. Салаға 2023 жылға 597,5 млрд. теңге қаржы бөлінген. Соңғы үш жылда облыста балабақша кезегінде тұрғандарға қаржы бөлінбеген. Биыл орын тапшылықты жою мақсатында жаңадан 8,5 мың орынбөлінді. Жалпы облыстағы балабақшаға бөлінген қаржы 102 млрд. теңгеге жетті.
Облыста 96 мектеп салынуда. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірдеүш жылда заманауи 63 мектеп құрылысы жүргізілетін болады.
Қыркүйек айында жалпы көлемі 5 мың орыннан астам 17 жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде облыстағы жекеменшік мектептер саны 110-ды құрайды.
Еске саларлық, Мемлекет басшысы Республикалық педагогтер съезіне қатысқан болатын. "– Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын дамытудың жеті негізгі бағытын айқындап берді. Алғашқысы ұстаздардың біліктілігін арттыру. Сондай-ақ, балалардың заманға сай озық білім алуын қамтамасыз ету. Мектептегі орын тапшылығын жою және білім ошақтарындағы қауіпсіздік. Қала мен ауылдағы білім сапасын теңестіру, саланы цифрландыру және соңғысы озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру. Президент қазір қызу талқыланып жатқан бірқатар проблемаларға да тоқталды.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...