Ауыл оқушыларына арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының Отырар ауданы бойынша іріктеу кезеңі М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп пен Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін 3 мектеп базасында өтті.
Олимпиада мақсаты - Қазақстан мен әлем университеттеріне түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалист таңдау.
Олимпиаданың аудандық кезеңінде 30 мектептің 8-сыныбында білім алып жүрген 364 оқушы кешенді тест тапсырды. Тестілеу кезінде білім алушылардың математикалық сауаттылығы, логикалық, кеңістіктік ойлау қабілеті, оқу сауаттылығы бағаланды.
Тестілеу нәтижесінде жоғары ұпай жинаған оқушыларға олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама беріледі.
Айта кетейік, бірыңғай ақпараттық есептеу пилоттық жобасы Арыс, Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас аудандарының білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Жоба аясында білім беру ұйымдарының процесін автоматтандыру, бюджеттік өтінімдерін ұсынудың қадамдық тәртібін құқықтық реттеу, ақпараттық жүйені Ұлттық білім беру деректер қорымен біріктіру, жергілікті мемлекеттік аудит органдарына ақпараттық жүйеге қолжетімділік беру, сәйкес келмейтін жеке деректерді енгізу тәуекелдерін алып тастау, Ұлттық тестілеу орталығының сертификаттары туралы деректер қорымен біріктіру, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмысқа келуін биометриялық сәйкестендіруді пайдаланумен бақылауды автоматтандыру және білім беру саласы қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін автоматты түрде қалыптастыру үшін ақпараттық жүйені қызметкерлердің жұмысқа келуін бақылау жүйесімен біріктіру және басқа да жұмыстар жүргізіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары ғылым саласында біршама өзгеріс болғанын атап өтті. Атап айтқанда, ғылымды қаржыландыру тәсілдері жақсарып, қаржы көлемі едәуір артты. Ғылыми мекемелер біртіндеп жаңғыртылып жатыр. Әлемге әйгілі ғылыми орталықтарда тәжірибеден өткен мамандар саны көбейіп келеді. Жастардың ғылымға деген қызығушылығы ояна бастады. Бірақ мұның бәрі жеткіліксіз. Ғылым саласы әлеуметтік-экономикалық өркендеуге әлі де тың серпін бере алмай отыр.
Мемлекет басшысы ғылыми-жаратылыстану, инженерлік-технологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мықты ғылыми орталықтар мен институттарды ашу жөніндегі кешенді жоспарды іске асыра бастаған жөн деп санайды. Президент сондай-ақ уәкілетті органға жыл сайын докторантураға қабылданатындардың санын 5 мыңға дейін жеткізуді тапсырды. Ғалымдардың мәртебесін дәйекті түрде көтеріп, оларды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету шараларын күшейту үшін жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер қызметкерлерінің ғылыми дәрежесі мен атағына қарай төленетін үстемеақыны 1,5 есе арттыру міндетін жүктеді.
"– Елімізде «ақылды қалаларды» және агломерацияларды дамыту ісі өте маңызды. Сондай-ақ Каспий теңізін жан-жақты зерттеу және еліміздің биологиялық қауіпсіздігін сақтау керек. Жаңа сорттар арқылы астықтың шығымын арттыру, мал тұқымын асылдандыру, шөлді аймақтарда жеміс-жидекті үнемдеп суару сияқты мәселелерге ғылыми тұрғыдан қарау қажет. Осындай өзекті бағыттарға ауқымды гранттар бөлу керек. Шын мәнінде, гранттармен қамтамасыз етілген ғылыми жобалар өзекті, сұранысқа ие болуы қажет. Қазір көптеген ғылыми мекеменің материалдық-техникалық жағдайы мәз емес. Тіпті нашар деуге болады. Ғалымдардың жалақысы төмен. Сол себепті кейбір дарынды ғалымдарымыз шетелдің ғылыми орталықтарында жұмыс істегісі келеді. Мұны ашық айтуымыз керек. Сондықтан негізгі ғылыми-зерттеу институттарын бюджеттен тікелей қаржыландыру қажет. Олардың инфрақұрылымы жаңғыртылып, заманауи зертханалар салынуға тиіс. Ғылыми-зерттеу институттарының жұмысы қаншалықты тиімді екеніне талдау жасау керек. Жас ғалымдар онда ықыласпен жұмыс істеуі үшін жағдай жасау қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес, Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерекше болатынын айтты. Жақында Ғылым академиясына Президент жанындағы орган мәртебесі берілді. Оны қаржыландыру мәселесі шешілді. Академиктерге өмір бойы стипендия төленетін болды. Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріптестігіне негізделуге тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, осы тәсіл әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл Әділетті Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық бағдарымызға толық сай келеді.