САЙРАМ: МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

САЙРАМ: МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында математика пәнінен "Математикалық сауаттылық тапсырмаларындағы болжам стратегиясының тиімділігі" тақырыбында облыстық семинар өтті.
Мақсаты: Білім алушылардың математикалық сауаттылықтан үздіксіз алған білімдерін өмірде пайдалану.
Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан "Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы" математика пәні әдіскері Т.Усенов және Сайрам ауданы білім бөлімі математика пәнінің әдіскері А.Жайлаубаева, №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясының директоры Ұ.Оразбаева семинардың өту барысымен таныстырып, семинарға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Атап айтсақ, Қазығұрт ауданы Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы мұғалімі Оразхан Жасұлан "Геометрия" пәнінен 7 сынып оқушыларымен "Сыбайлас және верикаль бұрыштар, олардың қасиеттері";
- Төлеби ауданы, Л.Тәжібаев ШЖЖББМ, Мырзакерім Дархан Еркінбекұлы 7 сынып оқушыларымен "Алгебра" пәнінен "Өрнектерді тепе-тең түрлендіру";
- Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы ЖББМ, Нуржанова Назым Абдибековна 7 сынып оқушыларымен "Алгебра" пәнінен "Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу";
- Сайрам ауданы, №20 С.Сейфуллин атындағы М/Г мұғалімі Д.Срайлова 7 сынып оқушыларымен "Алгебра" пәнінен "Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу";
- Ордабасы ауданы, "Зерде" ЖББМ мұғалімі Исаева Закура Амирхановна 8 сынып оқушыларымен "Алгебра" пәнінен "5 y=√x функциясы, оның графигі және қасиеттері";
- Түлкібас ауданы, И.Рыбалко атындағы ЖББМ мұғалімі Мамышева Куралай Исаховна 8 сынып оқушыларымен "Үшбұрыштың тамаша нүктелері";
- Сайрам ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ мұғалімі Оразова Раушан 9 сынып оқушыларымен "Геометрия" пәнінен;
- Ордабасы ауданы, Б.Нұрлыбеков атындағы ЖББМ мұғалімі Кубеева Эльмира Куралбайқызы 9 сынып оқушыларымен "Алгебра" пәнінен "Ньютон биномы және оның қасиеттері";
- Қазығұрт ауданы, А.Байтұрсынов атындағы ЖББМ мұғалімі Айтмырза Серғазым 9 сынып оқушыларымен "Алгебра" пәнінен "Ньютон биномы және оның қасиеттері";
- Төлеби ауданы, "Алатау" ЖББМ мұғалімі Молдабек Ақнұр Әмзебекқызы 9 сынып оқушыларымен "Геометрия" пәнінен "Есептерді шешуде векторларды қолдану" тақырыптарында ашық сабақ және де математика пәні мұғалімі Абдижамилова Дилноза тренинг өткізді.
"Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы" математика пәні әдіскері Т.Усенов семинарға қатысқан барлық пән мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, семинарға жоғары бағасын беріп, қортындылады.
Айта кететін, қыркүйек айында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау мәселесі қаралған болатын.
Еуропалық Одақ елдері, Канада, Австралия, Малайзия, Испания және басқа да мемлекеттерді, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында және басқа да бағдарламалық құжаттарда белгіленген стратегиялық міндеттерді ескере отырып, алдағы жылдарға арналған ғылымды дамытудың алты басым бағыты әзірленгенін айтты. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты жеке қарастырылатын болады.
Жалпы, белгіленген басымдықтар шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздікті (соның ішінде жылу энергиясын) қамтамасыз ету, парниктік газдар шығарындыларын азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады.
Қазіргі кезде білім саласы мен жоғары мектептерде нақты ғылымдарға көңіл бөлу нығайып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің 2022 жылғы 11 қаңтар күнгі отырысында «Гуманитарлық мамандыққа құмарлықтың заманы өтті, техникалық мамандықтарға басымдық беру керек» деген болатын. Демек, қазақстандық математика мектебі әрі қарай дамып, әлі де жаңа белестерді бағындыра береді деген сөз.
Еске салар болсақ, қыркүйек айында Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанаты өткен болатын.
Әлемнің 20 мемлекетінен 400-ден астам математик ғалым бас қосқан ғылыми форум Түркі әлемінің математикалық қоғамы мен еліміздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімдігі және Халықаралық қазақ-түрік университеті де жиынға қолдау білдірді.
Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресінің ашылу салтанатында облысы әкімі Дархан Сатыбалды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда бұл шараның мән-мағынасы зор екені, Конгрестің математика ғылымының дамуына тың серпін беретіні баяндалған.
Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланысы мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту. Сонымен қатар математика ғылымының дамуы мен ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде және техника мен білім беруде кеңінен қолдану. Форумда математиканың ең негізгі 10 бағыты бойынша баяндама жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін және...