СЕКТОРДА КӨТЕРІЛГЕН БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА

СЕКТОРДА КӨТЕРІЛГЕН БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен бүгінгі аппараттық мәжілісте секторларда өткен кездесу қорытындысымен берілген тапсырмалар талданып, орындалу мерзімі белгіленді.
Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне берілген 57 тапсырманың 28-і ай соңына дейін орындалуы тиіс. Мамандар тарапынан тұрғындармен түсіндіру жұмысын жүргізу нәтижесінде 1 тапсырма бақылаудан алынып, өзге тапсырмалар келесі жылдың жоспарына енгізілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген 32 тапсырманың 15-ін қараша айының соңына дейін орындау тапсырылып, 17-сі келесі жылға жоспарланды.
Қаланың инфрақұрылымын жаңғырту, оның ішінде жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу аса өзекті мәселе екені даусыз. Облыс орталығы атанып, көз ілестірмес жылдамдықта дамып келе жатқан Түркістанда аталмыш мәселе ретімен шешілуде. Бұл бағытта көлік құрылымы, жол, тас төсеу, асфальт салу, жарықшамдар, аялдамалар орнату және қоғамдық көлік қызметін заманауи үлгіде қалыптастыру мәселесі – жауапты сала мамандарының әрдайым назарында. Айта кетейік, соңғы жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму көрсеткіштерінің жоғарылауы – аталмыш саланың қызметін жетілдіруге, тұрғындардың сұранысына сай оңтайландыруға септігін тигізуде.
2022 жылғы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 333,6 шақырым (39,5 %) құрағанын еске сала кетейік.
Ал 2023 жылдың қорытындысымен, орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, алдағы уақытта 399,34 шақырым (47,2%) асфальт жолды, 445,6 шақырым (52,8%) тас жолды құрайтын болады.
Жол саласы бойынша 2022 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген, сонымен бірге, қоғамдық көліктер қатынайтын 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға алынды.
Қазіргі уақытта, соның 24,1 шақырым құрайтын 23 көшесінде, тұрғындардың назарына ұсыну үшін жекелей айта кетер болсақ, Қызылкөл, Сарыжылға, М.Төлебаев, Әубәкір қары, Ы.Алтынсарин, Қазыбек би – А.Юсупов аралығындағы көше, Асан қайғы – Құрбан ата аралығындағы көше, Хақназар хан – Қазыбек би көшелері аралығы, Саққорған, Айтуар би (Алтынемел, Алаша байтақ жырау және Саққорған көшелер аралығы), Тартоғай, Алаша байтақ жырау, А.Ахметов, Бабай батыр, Хақназар хан, Құрбан ата, О.Тілепов, Әйтеке би, Қ.Әзербаев, Ж.Усманов, Еділ, Дулыға батыр – Құмтүйін тас жолы аралығындағы жол, Абақ батыр көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалған 17 көшеде орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 2023 жылы қала аумағындағы 34,3 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көше тұрғындарын қуантқан болатын.
Жалпы 2023 жылы өтпелі нысанды қоса есептегенде, орташа жөндеу жұмыстары 65,74 шақырымды құрайтын 48 көшеде жүргізіліп, нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдар үлесі 47,2% құрағанын айтқымыз келеді.
2022 жылы жоспарланған Ә.Жангелдин, І.Қожабаев көшелерінің, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жолдың және Қалаби көшелерінің құрылыстары бастау алды.
Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол, веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі. Оның жалпы ұзындығы 18,9 шақырымды құрайды. Нысандар 2023 жылға өтпелі.
Нысан іске асқан жағдайда, индустриалды аймақтан шығатын ауыр жүк көліктерінің және Балтакөл бағытынан келетін жүргізушілердің Шымкент тас жолына тікелей шығуына, қаланың ішкі көшелеріндегі көлік кептелісінің азаюына ықпалы тиетіні сөзсіз.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы жаяу жүргіншілерге арналған 2 көпірдің құрылысы бастау алды. Олар: Бекзат мөлтек ауданы, Теміржол вокзалы аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі мен Бекзат мөлтек ауданы, Түрік ауылының аумағына орнатылатын жаяу жүргіншілер көпірі.
2023 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің тарапынан қала аумағындағы топырақ жолдардың санын азайта отырып, тас төселген көшелердің саны мен сапасын арттыру мақсатында 89,6 шақырымды құрайтын 94 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланғанын да айта кетейік. Сондай-ақ жоспарға сәйкес, қала аумағындағы 6 секторда ақпан айынан бастап тас төсеу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда 84 шақырымды құрайтын 88 көшеде тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда да жалпы құрылыс жұмыстары толығымен ІІI тоқсанда аяқталады деп күтудеміз. Біздегі жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайы осындай.
Жол тәртібінің тағы да бір айнымас бөлігіне жол белгілерін жатқыза аламыз. Бүгінгі таңда қалада 7000-ға жуық жол белгісі орнатылған. 2022 жылы 1846 жол белгісін, ал ағымдағы жылдың басынан бері 1237 жаңа жол белгілерін Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі орнатқан. Бұл жайында бөлімнің бас маманы Ардақ Бақдәулет редакцияға берген сұқбатында баян етті. Сонымен қатар, сала маманы шаһар тұрғындарының жол белгілерін бүлдіру фактілері тіркелетінін жасырмады. Әсіресе, қала орталығынан алшақтау орналасқан көшелерде мұндай қиындықтар жиі кездесетін көрінеді. Бұзақылар жол белгілері тақтайшаларын майыстырып кетуі, тіпті, әдейілеп бұрамалы болттарын ажыратып тастайтындар да анықталған.
Қоғамдық тәртіптің тағы бір ажырамас бөлігі — жол бөлу сызбалары. Бұл бағытта да жұмыстар бір сәтке де тоқтаған емес. Мәселен, өткен жылы 70 көшеге жаңа жол бөлу сызықтары түссе, 2023 жылы 60 көшенің жол бөлу сызығы жаңаланған. Бұл жұмыстар жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жасанды жол кедергілері де арта түскенін айтуымыз керек. Ашып айтар болсақ, биылдың өзінде қала көшелеріндегі 20 нүктеге жаңа жасанды кедергі орнатылып үлгерген. 2022 жылы бұл меже 21-ге жеткен көрінеді. Негізінен кедергілердің өзінің орнатылу тәртібі барын айта кеткен жөн. Дәлірек айтсақ, жасанды жол кедергілері жаяу жүргіншілер көп жүретін аумақтарда, балабақшалар мен мектептер жанында орнатылады.
Жаңа қала аумағындағы 11-ші көшеде орналасқан көп қабатты тұрғын үй иелері көтерген 13 мәселенің қазіргі таңда 10-ы қалпына келтіріліп, бақылаудан алынды. Қала әкімі жауаптыларға 10-қарашаға дейін жұмысты толық аяқтап, баяндауды ескертті.
2023 жылы жалпы 47,7 млрд. теңгеге 4 403 пәтерлі 66 тұрғын үйдің (4 – қала әкімдігі) құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 11,9 млрд. теңгені құрайтын 1062 пәтерлі 7 тұрғын үй 2024 жылға өтпелі. Қалған 35,7 млрд. теңгені құрайтын 3341 пәтерлі 59 тұрғын үйдің құрылысы биыл аяқталады деп көзделген.
Шаһарда осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Биыл тұрғын үйлерді абаттандыру жұмыстары 10 нысанда, атап айтқанда жаңа стадион маңындағы 7 қабатты, 32 үйдің (9 үй қабылдаудан өткен) ауласын абаттандыру 7 учаскеге бөлініп, жүргізіліп жатыр.
Осы орайда, тұрғын үй құрылысы мәселелерін шешу мақсатында президент тапсырмасымен ұзақ мерзімге жоспарланған және тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелерді қамтитын бағдарламалардың қабылданғаны белгілі.
Түркістан халқы солардың ішінде — көппәтерлі үйлер құрылысы мен жеке тұрғын үй құрылысын дамыту аясында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған «Нұрлы жер», «Отбасы банк» және «7-20-25» бағдарламаларының, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының шарапатын көріп, бүгінде тұрғын үйлерге деген қолжетімділігі артып отырғаны рас. Айта кетейік, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталықта 2020 жылдан бастап көпқабатты 89 үйдің, яғни 5649 пәтердің, 360,6 мың ш.м. (ипотекалық пәтерлер 4488, кезектегі 1161 пәтер) құрылысы басталған.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Байжанов Алмас мырзаның мәліметтеріне сүйенсек, оның ішінде, 2020 жылы: 336 пәтерлі 7 үй (барлығы ипотекалық пәтерлер) пайдалануға берілсе, 2021 жылы: 1921 пәтерлі 29 үй (ипотекалық пәтерлердің 1427, кезектегі отбасыларға берілетін 494 пәтер) иелеріне пәтер кілті табысталған.
2022 жылға 3 392 пәтерлі 53 тұрғын үйдің (217,8 мың ш.м.) (ипотекамен берілетін пәтерлер 2683, кезектегі отбасыларға берілетін 709 пәтер) құрылысы жүргізілді. Аталған үйлердің 2 706 пәтері кредиттік жүйемен сатылса, 686-ы кезектегі отбасыларға үлестірілген. Сонымен қатар пайдалануға берілген пәтер саны өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артқанын да айта кету керек.
Жыл қорытындысымен 3155 пәтерлі 49 үй (202,4 мың ш.м.) (ипотекамен берілетін пәтерлер 2482, кезектегі отбасыларға берілетін 673 пәтер) пайдалануға берілді. Бүгінде 12 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұрғын үйлердің құрылысы Түркістан қаласы әкімдігінің Тұрғын үй қатынастары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы мен облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жүргізіліп, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің теңгеріміне алынды. Осы ретте айта кеткен жөн, ауқымды іске жұмылдырылған жергілікті және өзге өңірлерден келген 13 мердігер мекеме тұрғын үйлердің сапасына басты назар аударған. Бұл жөнінде облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, мердігерлермен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс барысын қадағалап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктей келе «Облыс орталығында салынып жатқан барлық тұрғын үйлер көркем келбетімен ерекшеленген, ең бастысы өте сапалы болуы тиіс. Құрылысқа жауаптылар өз жұмыстарына жанашырлықпен қарау керек. Тапсыру мерзімі белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Құрылыстың сапасына басты назар аударып, көпқабатты тұрғын үйлердің сейсмоқауіпсіздігінің сақталуына қатаң бақылау жүргізіп, құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес аяқталуы тиіс. Талапты орындамағандарға шара қолданылады» деген болатын. Сондай-ақ облыс әкімі қала тұр­ғындарымен кездесуінде Түркістан қала­сының тұрғын үй қорынан 2023 жылы 720 пәтер беру көзделгенін, оның ішінде көпбалалы 500 отбасына пәтер беру жоспарланып отырғанын жеткізді.
Барлық нысандардың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Инженерлік инфрақұрылым жүйелері аяқталып, тұрғын үйлерге жалғанған. Ауласын абаттандыру жұмыстары 80 пайызы аяқталып, ойын алаңшалары орнатылған.
Биыл облыс орталығында инфрақұрылым жүйесі жаңартылмақ. Осы орайда Түркістан қаласының тұрғындары ұсыныстарын жеткізу арқылы қаланы көркейтуге өз үлестерін қосып жатыр. Осы аталған мәселеге қатысты қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков 6 сектор тұрғындарымен ашық алаңда кездесу өткізіп келеді. Кездесулерде жергілікті тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, жауапты басшыларға екі жылда 570 тапсырма берілген. Оның 474-і орындалып, 96-сы қаланың даму жоспарына енгізілді. Кездесу барысында қала әкімі тұрғындардың жоспарға енген өтініштеріне тоқталып, заңдылығын түсіндірді.
Сонымен қатар өңірге инвесторлар тарту арқылы облыстық инвестиция және экспорт басқармасы, «Kazakh Invest» АҚ, «Turkistan Invest» және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан да көптеген жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. «Былтыр «Kazakh Invest» АҚ мен Түркістан облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшылары Өзбекстан және Түркия елдеріне іссапармен барып, екіжақты келісімшарт жасасты. Нәтижесінде «Turkistan» индустриалды аймағына Түркиядан инвесторлар келіп, өз жобаларын осында жүзеге асыратын болды» дейді шаһар басшысы.
Өткен жылы 11 көшеге асфальт, 185 көшеге тас төселіп, 155 көшеге жарықшам орнатылған болатын. Сондай-ақ, былтырғы жылы асфальт көшелер саны 18-ге артты. 134 көшеге жарық шамдар орнатылды. Биыл 23 көшеге асфальт төсеу жоспарланып, бүгінгі таңда оның 9 көшесінде жұмыстар аяқталды. Жоспарланған 94 көшенің 65-іне тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 272 көшеге жарықшам орнату жоспарланып, оның 134 көшесіне орнатылды. Өткен жылы балалар ойнайтын 15 алаңшаның құрылысы басталып, биыл тағы 10 алаңшаның іргетасы қаланды. Айта кетейік, маусым айындағы кездесу қорытындысымен 83 тапсырма бекітіліп, бақылауға алынды.
Биыл 101 нысанға қаржы бөлініп, жұмыстары басталды. Оның 70-і биыл тапсырылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде Ордабасы ауданында 28 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс көлемі өте ауқымды. Басқарма тарапынан Ордабасы ауданындағы газ нысандарына тексеру жүргізіліп, кемшіліктер анықталған. Мәжілісте Ордабасы ауданының әкімі мен басқармаға осы мәселелерді шешіп, газдандыру жұмысын сапалы атқару тапсырылды. Мәжілісте өңірді сапалы электрмен қамту мәселесі де талқыланды. Аудандардағы түйткілдер тарқатылып, жауаптыларға жұмысты жандандыру тапсырылды. Бүгінде облыс аумағында 826 елді мекеннің 810-ы орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған 16 елді мекен дербес электр қондырғыларына қосылған. Облыста 47 электр нысанының құрылысы жүріп жатыр. 2023 жылы 40 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. 7 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі. 2023 жылы өңірлердің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 67 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға 42,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мәжілісте елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі туралы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалада кәріз жүйесімен қамту бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 3-уі биыл аяқталады. Сондай-ақ, 5 нысанның жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу басталды.
– Кәріз жүйесінің құрылысы аяқталмай жол салуды тежеп отырмыз. Қазіргі таңда қалалықтардың жайлылығы үшін жолдарға тас төсеп, амалдаудамыз. Ал, кәріз жүйесі жүріп өткен көшелерге асфальт жоспарлы салынып келеді. Жол құрылыстарын Ұлттық сапа орталығы арқылы тесеруді қолға алдық, – дей келе Нұрбол Әбдісаттарұлы тұрғындармен кездесу барысында бұл уақытша келеңсіздіктер жөнінде түсіндірме шаралары тұрақты жүргізілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ, мәжіліс барысында секторлардағы жеке қабылдау қорытындысымен берілген 40 тапсырманың 11-і орындалып, 29 тапсырманың атқарылу сатысы баяндалды.
- Кездесу барысында кей тұрғындар жыл басында айтылған өтініштерінің аяқсыз қалғанына шағымданды. Бұл сіздердің кері байланыс жасауда жіберген кемшіліктеріңіз. Бітпей тұрған шаруа жоқ, кезегін күткен мәселелер бар. Елден кемшілік іздемеңіздер, өз қателіктеріңізді түзеңіздер. Халыққа алғыстан басқа айтарым жоқ, сабыр да сақтап, түсіністік те танытып келеді. Тұрғындарға өтініштері бойынша талдап, орындалу сатысы мен мерзімін жасырмай нақты айтсаңыздар, мұндай түсініспеушіліктер болмайды, - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...