ҚАЛА СӘНIҢ АШҚАН САЯЛЫ САЯБАҚТАР

ҚАЛА СӘНIҢ АШҚАН САЯЛЫ САЯБАҚТАР

Шаһар тарихында ойып тұрып орын алатын демалыс орындарының көшін «Жеңіс» саябағы бастайды. Қарт қаланың кешегісі мен бүгінгісіне куә бұл саябақ 2019 жылы күрделі жөндеуден өтті. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне аталған саялы орынның қазіргі келбеті көз қызықтырарлықтай. «Жеңіс» саябағындағы балаларға арналған ойын алаңшалары, аттракциондар, заманауи скейт-парк пен футбол алаңы демалыс үшін таптырмас орын етіп тұр. Қаланың қақ ортасында орын тепкен демалыс орынында 3000 шаршы метрге гранит төсегіш төселіп, 2500 ағаш отырғызылған болатын. Саябақ аумағы толықтай түрлі-түсті жарықшамдармен жарақтандырылған. Сонымен қатар, шахматтық дизайнда құрғақ фонтан бой көтеріп, тас жолдар төселген.
Демалысыңызды пайдалы және ләззатпен өткізумен қатар, көптеген биік-биік ағаштар арасымен серуендеуді қаласаңыз «Дендросаябақ».
Саялы саябақ 2022 жылы тұрғындарға пайдалануға берілген. Құрылысына 717,7 миллион теңге жұмсалған. Жалпы ауданы 28 мың шаршы метрді алып жатқан демалыс орнында жаз айларында түркістандықтар мен қала қонақтарына жаяу жүріп, таза ауада тыныстап, велосипед теуіп, көңіл көтеріп қайтуға мол мүмкіндіктер қарастырылған.
Саялы орын жыл сайын түрленіп, гүлденіп келеді. Биыл да жаңарту жұмыстары қарқынды жүрді. Бір жыл бұрын ашылған бұл жасыл желекті аймақ тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Мұнда гүл мен ағаштардың көптеген түрі өседі. Ал, әсем орынды жарықтандыру мақсатында 1026 жарықшам орнатылған. Сонымен бірге, мұнда 480 дана арнайы орындық халықтың қолданысына берілген. Мұндағы көз тартар әдемі көріністер көздің жауын алып, тартымдылығымен өзіне баурай түседі. Сол үшін де демалыс бағын аралап, серуен құрған тұрғындар көп.
Саябақтың тазалығы мен қауіпсіздігін қадағалап отыратын арнайы жауапты өкілдер жұмыс жасайды. Соған орай, қонақтарға қоқыс тастауларына ыңғайлы етіп 400-ге жуық қоқыс жәшігі қойылған. Ауасын жұтып, суын ішіп жатқан қоршаған ортамыздың тазалығы үшін бәріміз жауаптымыз.
Қоғамдық кеңістіктің аумағында 13 218 ағаш, 5552-ге тарта бұталар егілген. Саябақ аумағы әлі де жетілдіріліп, толықтырылатынынан да хабардар болдық. Себебі, қала тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын денсаулықтарына пайдалы етіп өткізетін орындардың санын көбейту аса маңызды.
Төрелігі түркі жұртының темірқазығына айналған Төле би, қазылығы қазақ елінің қазынасына баланған Қазыбек биге киелі мекеннен саябақ ашылмауы әбестік болар еді. Олай болса, шаһар тұрғындарының серуен құрар сүйікті жерлеріне айналған әсем тынығу орындары жайлы ақтара жазсақ.
Жалпы аумағы 7 гектарды алып жатқан Төле би саябағы қарт қаланың ең маңызды территорияларының бірінде орын тепкен. 5 гектар жері көгалдандырылған жасыл желекті аймақта 2000 түп тал егілген. Дәлірек айтар болсақ, 1 260 дана терек талы, 200 дана айлант, 340 дана қарағаш, 100 дана шынар мен 100 дана үйеңкі ағашы аталған демалыс орнының ажарын ашып қана қоймай, ауасының тазара түсуіне әсер етіп тұр. Ұңғыма арқылы суарылу жүйесі жасалған бұл маңда 1000 дана гүл шоқтары егілген. Сарқырап аққан салқын фонтандары жаздың аптап ыстығында таптырмас сая. Сонымен қатар, балалар үшін ойын алаңшалары да орын тауып, жанға жайлы демалыс үшін бар жағдай жасалған деуге толықтай негіз бар. «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС мердігерлік еткен саябаққа Төле би бабамыздың есімі берілгені орынды. Себебі, бұл тынығу орнының өзі де Төле би көшесінде орналасқан.
Аллея 2020 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің тапсырысына сәйкес, «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің мердігерлігімен құрылысы жүрген. Жалпы аумағы 0,20 гектарды құрайды. Бұл жерде 200 м2 аяқжол, 20 дана жарықшам, 20 дана орындық және 20 дана қоқыс жәшігі орналастырылған. 600 м2 жер көгалдандырылып, сонымен қатар, балалар ойын алаңшасы, футбол алаңшасы және street workout-пен жабдықталған. Аллеяға кіреберісте орналасқан әсем аркалары да аталған тынығу орнының ажарын аша түскен. Қазіргі таңда «Жасыл Түркістан» КММ тарапынан күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Шаһар тарихында ойып тұрып орын алтын саябақтар көшін «Жеңіс» демалыс орны бастайды. Қарт қаланың кешегісі мен бүгінгісіне куә бұл саябақ 2019 жылы күрделі жөндеуден өтті. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне аталған саялы орынның қазіргі келбеті көз қызықтырарлықтай. «Жеңіс» саябағындағы балаларға арналған ойын алаңшалары, атракциондар, заманауи скейт-парк пен футбол алаңы демалыс үшін таптырмас орын етіп тұр. Қаланың қақ ортасында орын тепкен демалыс орынында 3000 шаршы метрге гранит төсегіш төселіп, 2500 ағаш отырғызылған болатын. Саябақ аумағы толықтай түрлі-түсті жарықшамдармен жарақтандырылған. Сонымен қатар, шахматтық дизайнда құрғақ фонтан бой көтеріп, тас жолдар төселген.
Шығыс пен батысты жалғаған Түркістан қаласындағы өзіндік ерекшелігімен есте қалатын тағы бір демалыс орны «Жібек жолы» саябағы. 2020 жылдың тамызында жаңарған Түркістанның жаңа саябағы жайлы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы сөз қылған. Президентіміз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында:
«Жақында ғана облыс орталығына айналған Түркістанда жаңа инфрақұрылымдық нысандардың ашылып жатқаны қуантады. Қала тұрғындары мен туристерге арналған Сапар орталығы мен «Жібек жолы» саябағы да көпшіліктің көзайымына айналатынына сенімдімін»- деп жазған еді.
Ауасы таза, аумағы жасыл желекпен көмкерілген саябақта барлық жағдай қарастырылған. 1071 дана жарықшамдары демалыс орнын кешкі уақытта да жанға жайлы демалыс үшін таптырмас орын етіп тұр. Сондай-ақ, саябақта 177 орындықпен 4,58 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысқысы келетіндер үшін де бұл жер таптырмас демалыс орны. Сөзіміздің дәлелі ретінде, жүгіру және велосипед жолақтарын айта кетсек болады. Еуропалық стандардтарға сай салынған жолақтар өз велосипеді барлар үшін ғана пайдалы емес. Бұлай деуіміздің себебі, «Turkistanbike» жалға беру пунктінде демалушыларға қос дөңгелекті көлікті жалға алуға мүмкіндік бар. Ал, командалық спортпен айналысқанды жаны сүйетіндер үшін салынған футбол, баскетбол алаңдары мен теннис үстелі келушілер арасында үлкен сұранысқа ие екенін аңғару қиын емес.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында киелі шаһардың қақ төрінде қаз дауысты Қазыбек биге ескерткіш ашылған еді. Монументтің ашылуына ұлтымыздың батыр ұлы Тоқтар Әубәкіров арнайы ат басын бұрып, түркі жұртының рухани астанасында дәл осындай ескерткіштің болуы заңдылық екеніне тоқталған еді. Ол өз сөзінде: «Ұлы бабамыз, бүкіл қазақтың басын қосып, бар қазақ бір қазақ болсын деп армандап еді. Ұлы бидің жатқан жерінде ескерткіштің ашылуы сол арманның орындалғаны деп санайық»-деп ағынан жарылған болатын Халық қаһарманы. Иа, Тоқтар ағамыздың сөзінің жаны бар. Ұлтымыздың ұлылығының үлгісіне айналған Қазыбек бидің сан тарихтың сақталған сырлы сандығындай киелі Түркістанда ұлықталуы дау тудырмас мәселе. Ендігі кезекте осы ескерткіш орын тепкен аллея жайында айта кетейік.
Аллея 2020 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің тапсырысына сәйкес, «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің мердігерлігімен құрылысы жүрген. Жалпы аумағы 0,20 гектарды құрайды. Бұл жерде 200 м2 аяқжол, 20 дана жарықшам, 20 дана орындық және 20 дана қоқыс жәшігі орналастырылған. 600 м2 жер көгалдандырылып, сонымен қатар, балалар ойын алаңшасы, футбол алаңшасы және street workout-пен жабдықталған. Аллеяға кіреберісте орналасқан әсем аркалары да аталған тынығу орнының ажарын аша түскен. Қазіргі таңда «Жасыл Түркістан» КММ тарапынан күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде.
Шаһар көркін ашқан саялы саябақтардың бірі – қаланың Кентау бағытынан кіре берісінен 14 гектар жерге орналасқан, құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға берілген «Парасат» саябағы. Демалыс орнының құрылыс жұмыстары о баста «Түркістан жарық тазалық» ЖШС мекемесі тарапынан жүргізілген. Демалыс аймағының құрылыс монтаж жұмыстарына 260 млн. 742,92 мың.теңге қаржы бөлінген.
Қайта түлеген қарт Түркістанда бүгінгі күні саябақтар саны 32-ге жетіпті. Бұл саялы орындардың жалпы аумағы 318 гектарды құрайды. Сонымен қатар, 32 скверлер мен бульварлар да рухани астанамыздың ажарын ашып тұрғанына көрер көз куә. Аталған жерлермен қоса, көше бойында орналасқан жасыл желектерді күтіп ұстау үшін 2500 жұмысшы мен 450 техника жұмылдырылған. Кешенді жұмыстар биылғы жылы да жалғасын тауып, 249 мың дана түрлі интродукцияланған ағаш көшеттерін егу жоспарланыпты. Жоспарға сәйкес, қала аумағындағы Яссы секторындағы гидрант жүйелері толық жүргізіліп аяқталған, суғару жүйелерімен қамтылған көшелерге ағаш көшеттері егілу қажет болатын. Гидранттық жүйелер жүргізу құрылыс жұмыстары аяқталмай қалу себебінен жалпы көлемі ағымдағы жылдың ақпан айының 20-сынан бастап, 83 мың ағаш көшеттері егілген.
Тағы айта кететін, Парасат саябағы Түркістан қаласы облыс орталығы болғанға дейін құрылысы салынған. Негізігі мақсаты қала тұрғындары серуендеуге, демалуға арналған. Саябақ алғаш пайдалануға берілгенде абаттандырылып, архитектуралық құрылысы жағынан соңғы үлгіде жасақталған болатын. Онда жарық бағаналары мен аркалар, смарт орындықтар, субұрқақтар мен тренажерлік аспаптар, теннис, футбол, баскетбол алаңшалары мен веложолдар және концерт алаңы орнатылған. Саябақты сумен қамтамасыз ету жүйесі толығымен автоматтандырылған болатын. Аумағы 14,0 га құрайтын саябақта кіре беріс арка, аяқжолдар, балалардың емін-еркін спортпен шұғылдануы үшін ойын алаңшалары, сахна, орындықтар, түнгі жарықтар қаралған, түрлі жеміс ағаштары, шыршалар отырғызылған. Саялы демалыс орнында жасанды көл салынып, көпір орнатылған. Тұрғындарға жайлы, қолайлы жағдай жасау мақсатында жаздың ыстық күндерінде салқын ауа сыйлауға сеп болатын арықшалар қоқыстардан тазартылып, көміліп қалған, сондай-ақ топырақ басқан арықтардың көзі ашылған болатын.
14,0 га құрайтын саябаққа егілген шырша, терек, т.б. жеміс ағаштарының қурап қалмауына жол бермей, уақытылы суарып жүр екен. Барлық ағаштардың көгеріп, жайқалып тұрғаны көңілге медеу сыйлады. Демек, жылдар бойы көктің көгеруін күттіретін жұмыстардың негізі сақталған. Ал саябаққа көп уақыттан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты тозып кеткен және саябаққа келушілер саны азайған.
Осы ретте, қуана жеткізетін жаңалықтардың бірі – саябақты қайта ретке келтіру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесімен реконструкция жұмыстарына жоба-сметалы құжаттама әзірленді. Жобалаушы болып «МПК-Проект» ЖШС анықталды. Жоба сараптаманың оң қорытындысын алып, құрылысын салуға 2023 жылға қаржы бөлінді. Саябаққа мердігер мекеме ретінде «Компания Өнім» ЖШС анықталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...