ТҮРКICТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮСТIHДЕ

ТҮРКICТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ҮСТIHДЕ

Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру, абаттандыру, инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары сапалы атқарылуда. Облыс әкімі кезекті рет тарихи шаһардағы маңызды нысандарды аралап, жауапты мамандарға осындай тапсырма берді. Өңір басшысы алдымен әкімшілік-іскерлік орталығындағы 7 және 30-көше бойындағы саябақтың құрылысын қадағалаған болатын.
Түркістан облысында 2023 жылға дейін 4 миллионнан аса көшет отырғызу жоспары қызу талқыланған болатын.
Саябақтың аумағы – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы 61 мың шаршы метр болса, ойын алаңшалары мен спорт алаңшалары да салынбақ. Сонымен бірге 2 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 300-ге жуық жарықшам орнату көзделген. Белсенді өмірге бастайтын саябақта тұрғындар мен қонақтарға тынығуға жағдай жасалады.
– Жұмысты жоспарға сай сапалы атқарыңыздар. Аяқжолдар, абаттандыру жұмыстары талапқа сай болуы тиіс. Ауа райының ерекшелігін білесіздер. Осы аумаққа жерсінетін акация, тұт, қарағаш және өзге де төзімді ағаштарды көптеп егу керек. Егіп қана қоймай, жан-жағын байлап, дауылдан қорғаған жөн. Әсіресе, көлеңке беретін жапырақты ағаштарға басымдық берілгені дұрыс, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшылар мен мердігерге нақты тапсырмалар берді.
Мұнда қазіргі таңда ағаш отырғызу, резервуар және скважина жүргізу, аяқжолдар тақтайшаларын орнату, топырақтарды тегістеу, газон егу, суғару жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр.
Одан кейін Түркістан қаласы үшін аса маңызы бар І.Қожабаев көшесіне жол төсеу барысы да сарапталды. Жолдың ұзындығы – 5,6 шақырым, санаты – жалпы қалалық 4-6 жолақты магистралды жол. Құрылысы былтыр басталған жол биыл күзге дейін тапсырылады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге мамандар «Арыс-Түркістан» каналының бойына қауіпсіздік баспалдақтарын орнату жобасы туралы да айтып берді. 19 шақырымға жуықтайтын каналдың әрбір 500 метрі сайын арнайы ескерту белгісі мен қауіпсіздік баспалдағы орнатылады деп межеленген. Өңір басшысы жол құрылысын сапалы етіп аяқтауды, құрылысын қатаң бақылауды тапсырды. Қалада халық саны өсетінін, осыған сәйкес инфрақұрылым да дамып отыруы керек екеніне тоқталды.
Облыс әкіміне «Ащысай су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысы таныстырылды. Су резервуары – Түркістан, Кентау қалаларын ауыз сумен қамтитын стратегиялық нысан. Қазір бұл резервуар талапқа сай жұмыс істеп тұр. Мамандар су құрамын, сапасын тұрақты түрде тексеріп, зерттеп отырады. Халық саны артуына немесе су тұтыну көлемінің күрт артуына да арнайы жоспар жасалған. Су қоры жеткілікті.
Дархан Сатыбалды су нысанының талапқа сай жұмыс істеуі маңызды екеніне тоқталып, қажет болса, қосымша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Облыс орталығында әлеуметтік-экономикаға байланысты өсім жоғары. Түркістан облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң нәтиже беріп тұр. Өңірдегі жалпы сауда көлемі 219,7 млрд. теңгені құрап, 108,8% -ға өсті. Түркістан облысы бөлшек сауда көлемі бойынша елімізде көш бастап тұрған жалғыз өңір. Жыл басынан бергі бөлшек сауда көлемі 150,5 млрд. теңгеге жетіп, 112,4% -ға өсті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 533,9 млрд. теңгені, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 224,2 млрд. теңгені. құрайды. Экономикалық өсудің негізгі драйвері ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 476,9 млрд. теңгеге жеткен. Бұл ретте мал шаруашылығы +0,2%-ға, ал егін шаруашылығы +9%-ға артты. Облыста сиыр сүтін өндіру +0,9%-ға, тауық жұмыртқасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +10,5%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 168,6 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,3%-ды құрады. Жалпы республика бойынша тұрғын үй құрылысының бәсеңдеуіне қарамастан, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы +33,7%-ға артты немесе 486,1 мың шаршы метрге жетті. Сонымен қатар, облысқа 337,6 млрд. теңге инвестиция бағытталып отыр. Байланыс қызметінің көлемі 4,9 млрд. теңгені, немесе 108,7% құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облысымыз үздік үштікке енді. Аталған жобалар аясында Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының «Еңбек» бағыты аясында 6912 адам жұмыспен қамтылды. Қала бойынша халықты жұмыспен қамту мен аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылып келеді. Аз қамтылған азаматтарға 3 727 отбасыға 1144,8 миллион теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Ал атаулы көмек алатын отбасылырға, 3927 балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтықтары бар себет берілді». Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков брифингте баяндаған болатын.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында алдағы реформалардың бес бағытын айқындап берді. Мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырту осы ұстанымдар арқылы жалғасын табады. Өздеріңізге белгілі, саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып келеді. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану жөніндегі тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда өз нәтижесін беруде. «Қуатты ұлттың діңгегі – халық». Бізге жүктелген негізгі міндет – еліміздегі өзгерістер мен реформалардың халыққа қызмет етуін қамтамасыз ету. Қала экономикасына инвестиция тарту мәселесіне келсек, ағымдағы жылы Түркістан қаласына 179,1 миллиард теңге инвестиция келуі жоспарланып, нақты орындалуы 192,1 миллиард теңгені құрап, былтырғы көрсеткіштен 7,3% артығымен орындалған екен. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 миллиард теңге инвестиция келеді деп күтілуде. Оның ішінде ағымдағы жылы шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 6,2 миллиард теңге шетел инвесторларынан қаржы түсіп, 278 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Бүгінгі таңда индустриялы аймақта 19 жоба іске қосылып, қосымша 857 жаңа жұмыс орны ашылған. Өңірді дамыту бағытында атқарылып жатқан тыңғылықты жұмыстарға келер болсақ, 13,1 миллиард теңге қаржы тартылып, 1330 жұмыс орны ашылып, 27 кәсіпорынды іске қосу жоспарда бар. Сондай-ақ, аталған аймақтағы кейбір шешімін күткен мәселелер де назардан тыс қалмады. «Turkistan» индустриалды аймағынан «Батыс Европа – Батыс Қытай» автомагистраліне қосылатын автожол бар, сонымен қатар индустриалды аймаққа теміржол тартылған. Мұның бәрі инвесторларды қызықтырып отыр. Бірақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газбен жабдықтауға техникалық шарттарды беруге мораторий жариялады. Осыған байланысты индустриалды аймақ қатысушылары техникалық шарт ала алмай, газ қосу мүмкіндігінен айрылып отыр. Бұл өз кезегінде кәсіпорындарының жұмысына кері әсерін тигізуде. Техникалық шартқа қатысты мораторийдің аяқталу мерзімі белгісіз. «Amanat» партиясының Түркістан қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясы «Turkistan» индустриалды аймағының теміржол тұйығының ағымдағы жөндеу жұмыстарына ықпал жасауда. Міне, осы мәселелер ертерек өз шешімін тапса, инвесторлар да кідірмес еді, олардың келуіне мүдделі болып отырған біздің де жұмысымыз біршама жандана түскен болар еді» — дейді индустриялық аймақ басшылары. Аймақтағы ірі жобалардың бірі – «Turkistan Textile» БК серіктестігінің жұмысы басталғанына да көп бола қойған жоқ. Бүгінде мұнда жүзге жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі үш азамат бар. Өзбекстандық инвесторлардың ықпалымен жүзеге асырылып жатқан жоба толық іске қосылғанда тағы сегіз жүз адамға жұмыс табылмақ. Ал, қырық гектар аумаққа орналасқан жиһаз шығаратын «Grand Miks» жеке кәсіпорны әзірше 170 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде өндіріс орнының төртінші кезеңін қолға алған олар келешекте тағы да 250 адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар, Түркістанда тұрғын үй құрылысы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен бой көтеруде. Бүгінгі таңда Түркістан қаласындағы құрылыс саласының көркі қызып тұр. Қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 109,4 миллиард теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2%-ға артты. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 409,3 мың шаршы метрді құрайтын 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілу үстінде. Мемлекеттік бюджеттен басқа ӘКК «Түркістан» АҚ арқылы – 33 үйдің (67,4 мың шаршы метр), сондай-ақ жеке инвестициямен 80 үйдің (181,4 мың ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өз кезегінде 2021 жылғы 9 аймен салыстырғанда (87,4 мың шаршы метр) 3,5 есеге артты. Нәтижесінде 2667 пәтерлі 42 тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы тұста анықтама бере кеткен жөн: Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде 14 839 азамат тіркелген.
Жауапты мамандар Түркістан облысы құрылғаннан бергі кезеңде Түркістан облысы үшін қаржыландырудың барлық көзі арқылы тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көлемі 200 пайызға дейін өскенін айтып отыр. Мәселен, 2018 жылы 396,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2021 жыл қорытындысында 823,8 мың шаршы метр пәтердің кілті табыс етілді. Бұл көрсеткіш арқылы еліміздегі құрылысы қарқынды жүріп жатқан бірден-бір өңір – Түркістан облысы екенін білуге болады. Бұл туралы Үкімет отырысында да айтылды. Жуырда киелі шаһарға іссапар­мен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазы­­ғы деп атап өтті. «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тари­хымызда айрық­ша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас дің­гегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті», – деді Президент. Мемлекет басшысы қазақ жылнама­сына алтын әріппен жазылған көптеген тұлға­ларымыз­дың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің руха­ни астанасы деген мәртебе беріл­генін айтты. Пре­зиденттің пікірін­ше, бұл оқиға Түр­кістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді. «Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түр­кістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңы­рағы болып келеді. Түркістан осы мәртебелі міндетін қазір де абыр­оймен атқарып отыр. Сол себепті ата жолын ұстанып, Ұлттық құрыл­тайдың келесі отырысын Түркіс­танда өткізуді ұсындым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы атап өткен­дей, мұнда соңғы жылдары 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экология­лық ахуалы жақсарған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...